22/05/2012
СҚҚ Басқармасының жаңа Төрағасы лауазымына Антон Артемьев сайланды
02/05/2012
Алматыда Орталық Азия Әлеуметтік Инновациялар Лагері (SICamp) ашылады
30/05/2012

Қазақстанда волонтерлерді даярлайтын тұңғыш кәсіби мектеп ашылды

АЛМАТЫ, 2012 жылдың 22-мамыры– Жас энтузиастердің, кәсіби жаттықтырушылар мен мамандардың командасы волонтерлерді даярлайтын жаттықтырушылардың тұңғыш кәсіби мектебін ашты. Өткен демалыс күндері осы мектептен бүкіл Қазақстан бойынша ҮЕҰ-ның 22 өкілі оқып шықты.

«Жаттықтырушылар мектебі» – бұл волонтерлер мен кәсіби түрде жұмыс жүргізетін және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысатын мамандардың командасын құруға бағытталған Қазақстанның ҮЕҰ өкілдеріне арналған арнайы жоба. Бұл мектептің негізгі мақсаты өзінің ҮЕҰ-да волонтерлермен тиімді жұмысты ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар осы жұмысқа өзге ұйымдардағы өз әріптестерін үйрете алатын білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Бүгінде Қазақстанда волонтерлік ортада қызмет ететін бес мыңнан артық ҮЕҰ тіркелген. Қазақстандағы БҰҰ-ның еріктілері бағдарламасының ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлескен түрде жүргізген «Қазақстандағы даму ресурсы ретінде еріктіліктің жағдайын талдау» зерттеуінің деректері бойынша сауалнамаға қатысқан ұйымдардың небәрі 12,5 пайызығанаөзқызметінееріктілердіқатыстырыпотырады. Бұл жағдайда 10 компанияның 9-ы еріктілерді тартуға құштар.

Әлия Сағынғалиева, «Жаттықтырушылар мектебі» жобасының үйлестірушісі, Қайырымдылық Seimar Social Fund- «Komanda SOS» Еріктілердің Үйлестіру Орталығының атқарушы директорының орынбасары мынадай пікірде: «Еріктілік бастамаларды дамыту – Қазақстан үшін өзекті тақырып болып табылады. Өкінішке орай, еліміздегі волонтерлік шаралар осы уақытқа дейін үзінді сипатқа ие, оның жүйелік тұрғысы, сондай-ақ мемлекеттік реттеу мен ынталандыру механизмдері жоқ. Сол себептенволонтерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың ең жоғары әсері мен пайдасы тию үшін олардың күш-жігерін, әсіресе еліміздің аймақтарында мақсатқа лайықты түрде үйлестіріп отыру қажет».

«Жаттықтырушылар мектебі» оқу бағдарламасында орыс және қазақ тілдеріндегі семинарлар мен тренингілер қамтылған, оларды жүргізуге арнап жобалық менеджмент, фандрейзинг, қаржылық аудит, журналистика және электронды медиа, сондай-ақ PR және психология саласының қазақстандық және шетел мамандары шақыртылды. Аталмыш жоба шеңберінде қазақ және орыс тілдеріндегі волонтерлік қызмет пен әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру әдістері, технологиялары және құралдары бойынша тұңғыш оқу құралы әзірленді. «Жаттықтырушылар мектебі» жобасының қатысушылары тренингтердің қазақ және орыс, екі тілде өтетіні тең жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін атап кетті.

Сорос-Қазақстан Қорының «Жастар бастамалары» бағдарламасының үйлестірушісі Сәуле Мейірманова былай дейді«Бүгінде аса өзекті мәселелердің бірі үшінші сектордың мамандарын кәсіби даярлау болып отыр. «Жаттықтырушылар мектебі» жобасы осы мәселені шешуге деген мұқият және кешенді көзқарастың белгісі болып табылады. Біз бұл жобаның еріктілік қызметінің маңыздылығы туралы тақырыпты жаңа қырынан ашып қана қоймай, сонымен қатар оның өскелең ұрпақ пен ұйымдардың арасындағы тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деген сенімдеміз».

Жоба Қайырымдылық Seimar Social Fund- Komanda SOS-тың, Ұлттық Волонтерлік желі (НВС) мен Қазақстанның Жастар Ақпарат қызметімен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасымен бірлескен түрде Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдау көрсетуімен жүзеге асырылуда.