29/09/2014
Қазақстанда БАҚ саласындағы білім беру бойынша бірегей жоба басталады
10/07/2014
Қазіргі қоғамдағы әйелдер мен қыз балалардың құқықтары
02/10/2014

ОҚО Сайрам ауданында 100-ден астам еріктілер білім алды

Ақсукент (ОҚО), 29 қыркүйек – «Жолдас» СПИД-сервистік ұйымдар ассоциациясы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен «Ерікті – бұл асқақ үндейді!»  ұранымен еріктілер Форумын өткізеді. Форум 2013 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асып келе жатқан «Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында еріктілер бастамасы орталығын ұйымдастыру» жобасы аясында өтеді.

Осынау жоба қоғамның жастарға деген, сондай-ақ, жастардың өздеріне деген сенімсіздік түсініктерін өзгертуге бағытталған. Қоғамға маңызды, әрі пайдалы істерге жастарды белсендендіру, олардың ашылмаған әлуетін бағыттау және ықпалдандыру әдістерін жастардың өздеріне пайдалануға мүмкіндік беру – осы жобаның бірден-бір міндеті болып табылады. ОҚО Сайрам ауданы жобаны жүзеге асыруда жайдан жай таңдалған жоқ, себебі, облысымыздың халық ең көп шоғырланған (259 000 астам адам өмір сүреді) және де 17 ауылдық округі, 71 елдімекені бар ірі аудан болып есептеледі.

«Жолдас» ССҰА төрағасы Тұрғынбаев Болатбек Базарбайұлы:  «Еріктілік арнайы дағдылар мен ұсталықты талап етпейді. Дұрыс қадамдар мен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу арқылы еріктілердің еңбегін шебер пайдалануға болатын ортаны табуға болады. Еріктілердің үшін  бұл – тәжірибе алмасу, әртүрлі қызық адамдармен кездесу, өз әлуеттерін ашу, жаңа да, қызық іс-шараларға қатысу», – деп тұжырымдайды.

Жобаның аясында 100 астам ерікті «Еріктілер қатарына қалай қосылуға болады?», «Мақсатты топ өкілдеріне көмек көрсетуде ескерілетін жағдайлар», «Емханаларда және балалар үйінде балаларға қарау, көмек беру» сынды тақырыптар бойынша тренинг-сабақтарда білім алды. Аталмыш тренингтерде білім алған жастар әрі қарай еріктілер қатарына жастарды тарту мақсатында «теңбе-теңдік» қағидасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Еріктілер өз білімдерін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек беруде және де жалпы жастар арасында нашақорлықтың, АИТВ/ЖЖБЖ-ң алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу барысында шынықтырды.

 Ұйымның ерікті жасы Адина Анарбекова: «Біздерге өткізілген тренингтерде мен көп жайттарды үйрендім, мен енді өзіме сенімдімін және қоғамда көмегімнің қажет екенін білемін. Сондай-ақ, жоба аясында мен бірнеше еріктілермен Алматы қаласында өткізілген Еріктілер слетына қатысуға мүмкіндік алдым», – дейді.

Ұйымдастырылып отырған Форумда еріктілер және мемлекеттік мекемелердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Жоба өз мәресіне жеткен соң, білім алған жастар осынау мекемелерде өз біліктерін әрі қарай пайдалануға мүмкіндік туады деп сенеміз.

Яғни, бұл бастамалар аяқсыз қалмай, еріктілердің барлық мүмкіндіктерін мемлекеттік мекемелер арқылы, серіктес мекемелер арқылы қажетке жұмсау көзделіп отыр.

Қосымша мәліметтерді мына байланыс түрлері арқылы ала аласыз:

«Жолдас» СПИД-сервистік ұйымдар ассоциациясы

Байланыс сымтетігі: 8 (7252) 48-01-33, 54-59-95

Моб. 87054875806, 87024775283  Индира Отжанова