12/09/2019
Сергей ДРОЗДОВСКИЙ: Әлеуметтік қамқорлық ұғымынан аса алмай отырмыз
04/09/2019
Нұр-Сұлтанда орталық және жергілікті мемлекеттік органдар бюджетінің ашықтығы бойынша конференция өтуде
13/09/2019

Қазақстанда мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты жайлы жазатын жаңа онлайн жоба іске қосылды

Алматыда Қазақстандағы экономикалық тақырыптарды талқылауға арналған ашық онлайн алаң Ekonomist.kz жобасының тұсаукесері өтті.

Ekonomist.kz күрделі экономикалық құбылыстарды қарапайым тілмен жеткізіп отыратын болады. Жоба міндеті – қазақстандықтардың еліміздің экономикалық дамуындағы жаңалықтары мен мәселелерінен хабардар болып отыруына ықпал ететін кәсіби виртуалды сараптама желісін дамыту, жас сарапшылардың жетіле түсуіне мүмкіндік беру. Авторлар жоба нәтижесінде халық табысының өсімін және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жолында мемлекет қабылдайтын шешімдер сапасына әсер етеміз деп күтеді.

“Көп адамдар үшін экономика олардың өміріне тікелей қатысы жоқ, күрделі ғылым болып көрінеді. Ekonomist.kz орын алып жатқан экономикалық үдерістер жайлы және мемлекеттік экономикалық саясат Қазақстанның қарапайым азаматтарының өміріне қаншалықты әсер ететіні туралы түсінікті тілмен айтып отыратын болады”, – дейді жоба жетекшісі, экономист Қасымхан Қаппаров.

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік салалардағы қазіргі бастамаларының көбінесе тәуелсіз сараптама бағалауы болмайды. Нәтижесінде, маңызды шешімдер олардың өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, көпбалалы аналар, ауыл тұрғындары және басқа да халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына әсерін ескермей қабылданады.

«Жоба мақсаты Қазақстанда экономика саласында тәуелсіз сараптама қоғамдастығын дамыту, және де біз бұл жоба экономикалық сұрақтарды әртүрлі көзқарастар тоғысында талқылайтын алаңға айналады деп үміттенеміз. Осындай қоғамдастықтың болуы қоғам мен мемлекет арасындағы экономикалық және әлеуметтік даму көрініс табатын ең маңызды деген экономикалық тақырыптар бойынша және де халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарына қатысты экономикалық мүмкіндіктер тақырыбындағы ашық диалогтың негізін қалауға ықпал ететін болады», – дейді Сорос-Қазақстан қоры бағдарламалар директоры Бота Аязбаева.

Ekonomist.kz әлеуметтік-экономикалық тақырыптар бойынша үкіметтік емес ұйымдар секторынан бастап, халықаралық ұйымдар, академиялық орталар, бизнес және мемлекет сынды барша түрлі кәсіби пікірлерді алаңмен қамтамасыз ететін болады.

Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылай қолдауымен «Ашық экономика» бастамасы аясында жүзеге асырылады.