11/03/2020
Қайтарымсыз гранттың қайыры бар ма?
11/03/2020
Қазақстандағы дебат қозғалысы. Қалыптасу және кеңінен таралу кезеңі
12/03/2020

Маңғыстау ауылдық округіндегі ауыз су проблемасы

Ляззат альманбетова Сорос-Қазақстан қорының “Ашықтық және есептілік” бағдарламасының Open Budget Fellowship жобасының түлегі. Жоба барысында ол “Маңғыстау ауылдық округіндегі ауыз су проблемасы” туралы зерттеу жұмысын баяндады.

Маңғыстау – өте ірі мұнай мен газ қорына бай, республикалық бюджеттің доноры болып табылатын аймақтың бірі. Алайда осыған қарамастан, елдімекендерде ауыз су тапшылығы мәселесі орын алып отыр. Облыстық «Маңғыстау Медиа» жаңалықтар сайтының мақаласына сәйкес, адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 0 балдан аспауы керек; түсі 00-тан төмен, мөлдірлігі 00 см-ден артық; лайлығы 0 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 – 10 ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7 – 1,5 мг/л-ден төмен болуы – флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы – көз ауруларына шалдықтырады. Сонымен қатар, ауылдың көгалдандырылмауы тікелей су жетіспеушілігіне байланысты.

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау елді мекені – ауылдық округ және Мұнайлы ауданының орталығы. Мұнайлы ауданында 160 600 адам тұрады, Маңғыстау ауылдық округінің халық саны 31,5 мың, яғни ауданның 20% құрайды. 1 тәулікте орта есеппен ауданға 20 мың текше су қажет. Қазіргі таңда тәулігіне 16,800 текшесін аудан алып отыр. Алайда су тапшылығына және халық санының өсуіне байланысты ауданға сұратылған ауыз су көлемі орындалмай отыр. Сондықтан бұл тақырып жергілікті тұрғындар үшін өзекті мәселе.

Жұмыстың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.