09/09/2013
Баспасөз мәлімдемесі «ҮЕҰ менеджменті – жаңа деңгейге өту» дөңгелек үстелі
28/08/2013
Ақтөбе облысында ҮЕҰ-дың әлеуетін арттыру жөніндегі жоба жүзеге асырыла бастады
10/09/2013

Диффамация үшін қылмыстық жауапкершілік әкімшілік жауапкершілікпен ауыстырылуы керек

АСТАНА, 2013 жылғы қыркүйек – Сорос-Қазақстан қоры, Астанадағы ЕҚЫҮ орталығы мен Нидерланд елшілігінің қолдауымен «Әділ сөз» ҚҚ ұйымдастырған «Сөз еркіндігіне – халықаралық стандарттар» дөңгелек үстелінің ұйымдастырушылары жаңа Қылмыстық Кодекс дайындаушыларын диффамацияны декриминализациялауға шақырды.

2011 жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Вашингтон пост» газетіне жазған мақаласында қоғамды демократияландыру жолындағы келесі қадам жала жабу мен жәбірлеуді декриминализиялау болатынын хабарлады. Алайда бүгінде Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге түзетулер енгізу бойынша заңнамалық реформалардың алғашқы қорытындылары жасалып жатқанда Қазақстанда диффамация әлі де қылмыстық жазаға тартылатын іс болып бағалануда.

«2011 жылғы сәуірде Қазақстан әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жыл ішінде аталмыш әрекет қайта жасалған жағдайда ғана диффамация үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын әкімшілік преюдиция институтын енгізді. Осылайша Қазақстан Белоруссия жолына түссе, арасына Қырғызстан, Тәжікістан және Украина кіретін ТМД елдерінің бесеуі толығымен қылмыстық қудалаудан бас тартты», – деді Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы Антон Артемьев мырза.

«Әділ сөз» ҚҚ-ның президенті Тамара Калееваның айтуынша, Әкімшілік кодекске сәйкесінше өзгерістер енгізілмегендіктен, Қазақстанда диффамацияға қатысты әкімшілік преюдиция тиімсіз: «Бекітілген регламентті ұстану шартын ескерсек те, әкімшілік преюдиция негізінен алғанда мәселенің мәнін тамырымен шешпейтін екіұшты шешім болып отыр. Демократиялық қоғамда – ол жала жабу не жәбірлеу болсын – қайта жасалған әрекет үшін үлкен әкімшілік жауапкершілік салыну керек. Бірақ бүгінде Қазақстан заңнамасы қарастырып отырған қылмыстық жауапкершілік мәселесі болмауы керек».

Әлбетте, ойыңды немесе ақпаратты тарату еркіндігіне кез келген шектеу заңмен бекітілуі керек.  Сонымен қатар диффамация туралы заңдар қоғамдық талқылауларды тежемеуі және билік қызметіне қатысты сынды баспауы керек. Қазақстандық заңнамаға «қоғамдық мүдде» ұғымын бекіту журналистерге мәселелерді азамат ұстанымында жарықтандыруға, сонымен қатар, сот қуғындауына душар болу сынды ақталмаған қатерге барудан сақтайды. Сонымен қатар, диффамация бойынша мәселелерде талап қою уақытын материалдың жарияланған немесе эфирге шыққан уақытынан бастап үш жылдан бір жылға дейін қысқартқан маңызды. Сондай-ақ азматтық заңнамамен реттелетін адамның ар-намысын, абыройын және ресми беделін қорғау бойынша істерде талап қою уақытын бекіту орынды.

Артемьев мырза ар-намысы мен ресми беделін қорғау бойынша талапты беру бойынша мемлекеттік баждың көлемі мөлшерлес артуды талап етеді деп есептейді. Оның пікірінше «ағлақтық зиянды қайтару үшін арыз берушілермен сұралатын миллиондаған соммамен салыстырғанда, 865 тенге түкке тұрмайды».