22/06/2021
Гүлбадан Закаева: Ұстаздар тек орындаушы ғана емес, олар көшбасы да бола алады
16/06/2021
ҚР «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңының ықтимал экономикалық әлеуметтік және құқықтық салдарларын зерттеу
23/06/2021

Анна Александрова атындағы байқаудың қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың сәуір-мамыр айларында Анна Александрова атындағы грантқа байқау жариялаған болатын. Анна Александрова (1976-2011)  қордың бұрынғы басқарма төрайымы, ол өз өмірін адам құқықтарын қорғауға және әлеуметтік әділдік қағидаларын жылжытуға арнаған.

Аталмыш жыл сайынғы байқау қордың Қамқоршылар кеңесімен Анна Александрованың құрметіне әрі осал топтардағы адам құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау мақсатында тағайындалған болатын.

Барлығы байқауға еліміздің әртүрлі аймағынан 54 сұраным келіп түсті. Қордың «Адам құқықтары» бағдарламасының Сарапшылар комитеті барлық сұранымдарды мұқият қарап шығып, «Covid-19 кезінде әйелдер мен жасөспірім қыздарды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау, құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» («Заң талабы» құқықтарды қорғау орталығы ҚҚ, Шымкент қ.) жобасын қолдады. Жоба тегін психологиялық және заңдық көмек көрсетуге, тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларын құжаттауға, халықты ақпараттандыруға және Түркістан облысында отбасылық тұрмыстық зорлық- зомбылық жағдайына мониторинг жасауға бағытталған.