09/06/2014
Байқаудан тыс сұраным үлгілеріндегі өзгерістер
29/05/2014
Менің ерекше құрбым
13/06/2014

Әлеуметтік шығармашылық идеялар байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры Жастар бағдарламасының қызметі аясында ағымдағы жылдың көктемінде заманауи өнердің инновациялық форматында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға байқау жариялады.

Байқауға барлығы Қазақстанның түкіпір-түкпірінен 39 сұраным келіп түсті. Жастар бағдарламасының Сарапшылар комитетімен келесі сұранымдар мақұлданды:

1. «Кеңес» шығармашылық шеберханасы» жобасыСұранымберуші – «Кеңес» ҚҚ  (Алматы)

Жоба аясында ерекше қажеттіліктері бар жастардың шығармашылылық әлеуетін дамытуға көмектесу және қоғамның назарын ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тарту мақсатында Шығармашылық шеберхана ашу көзделіп отыр.

2. «Инклюзия» жобасыСұранымберуші – «Ангел» ҚБ (Теміртау)

Жоба мақсаты мен міндеттері шығармашылық жобалар мен бастамалар арқылы қала мектептерінде жоғары сыныпта оқитын 400 оқушыны ерекше қажеттілігі бар балалармен араласу машықтарына үйрету.

3. «Ауруханадағы клоун» әлеуметтік театрыСұранымберуші –«Салауатты таңдау жастар орталығы» (Талдықорған)

Жоба мақсаты: ауруханаға клоундарды апару арқылы жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сонымен қатар қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың мәселесіне ел назарын аударту.

4. «Таза ауыл» жобасыСұранымберуші  Қарабалы ауданы, Карабалыкауылының тұрғыны Татиева Ирина Николаевна

Жоба мақсаты: шығармашылық жастарды тарту арқылы Қарабалық ауылында балалар алаңын көріктендіру.

Сорос-Қазақстан қорының жастар бағдарламасы байқаудың барлық қатысушыларына алғыс білдіріп, жаңа табыстар мен жетістіктер тілейді!