29/11/2013
Журналистерге арналған стипендиалық бағдарлама бойынша байқау қорытындылары
21/10/2013
Сорос-Қазақстан қорының сайты Award-2013 интернет премиясын жеңіп алды
05/12/2013

«БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы байқауларының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қорының «БАҚты қолдау» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың күзінде «Қазақстандық БАҚ үшін цифрлық қосымшалар-2013» және «Онлайн медианы жаса-2013» байқаулары өтті. Жақында бағдарламаның Сарапшылар Комитеті келіп түскен сұранымдардың қарастырып, жеңімпаздарды анықтады.

«Қазақстандық БАҚ үшін цифрлық қосымшалар-2013» байқауына 5 сұраным келіп түсті. «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасының Сарапшылар комитеті төмендегі сұранымдарды мақұлдады:

  1. «Медиастарт» ЖШС,  «Мой город» газеті (Орал қ.)
  2. «Твой Шанс» ЖШС, «Наша газета» (Қостанай қ.).

«Онлайн медианы жаса-2013» байқауына 16 сұраным келіп түсті. Бағдарламаның Сарапшылар Комитеті келесі сұранымдарды қабылдады:

  1. «РИКА ТВ» Телекомпаниясы, (Ақтөбе қ.)
  2. «Тобол-Инфо» ақпараттық агенттігі, (Қостанай қ.)
  3.  «Спектр» газеті, (Семей қ.)

БАҚ-ты қолдау» бағдарламасының қызметкерлері мен Сарапшылар комитеті байқау қатысушыларына алғыс білдіріп, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейді.