20/10/2015
Мерейтой құтты болсын!
11/08/2015
iMedia Project байқауының нәтижесі
20/01/2016

Анна Александрова атындағы гранттық байқау қорытындылары

Анна Александрова атындағы грант байқауы Сорос-Қазақстан қорының Қамқоршылыар кеңесі тағайындаған арнайы жыл сайынғы шара болып табылады.

Бұл грант инъекциялық есірткіні тұтынушылар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Байқауға барлығы 20 сұраным келіп түсті. Соның ішінде Қордың Қамқоршылар кеңесі 2 сұранымды мақұлдады:

  •  «Крылья свободы» қоғамдық қоры (Астана қ.). «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың медициналық қызметтерге қолжетімділігі» жобасы. Жоба өз алдына медициналық мекемелерге, ақпаратқа деген қолжетімділікті қамтамасыз етіп, осы мәселеге мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылықтың назарын аудару үшін жарықтандыруды қойып отыр.
  •  «Ассент» қоғамдық қоры (Павлодар қ.). «Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан жандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі бюро» жобасы. Жобаның мақсаты Павлодар облысы бойынша ҚТЖ Департаментіне бас бостандығын айыру орындарынан шыққан адамдарды мамандарды таңдау бюросының көмегімен жұмысқа орналастыруға көмектесу болып табылады. Бұл – жұмыс берушілердің олардың құқын бұзу фактілерін болдырмау мақсатында жасалады.