25/07/2013
Паллиативтік көмек бойынша алғашқы ақпараттық портал іске қосылды
28/06/2013
Атырау облысы аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың аралық қорытындысы
19/08/2013

Баспасөз мәлімдемесі «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының қоғамдық мониторинг нәтижелері таныстырылды

АЛМАТЫ, 2013 жылдың 12 наурызы. – «Ангел» қоғамдық бірлестігі  «Ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге қоғамдық бақылау жүргізу тетіктерін ендіру» жобасы шеңберінде 2012 жылдың сәуірінен бастап Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізілген «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының қоғамдық мониторинг нәтижелерін таныстырып отыр. Жоба Сорос-Қазақстан Қорының «Мемлекеттік қаржы ашықтығы» бағдарламасының қолдау көрсетуімен жүзеге асырылды.

Жобаның мақсаты азаматтарды аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру ісіне тарту және олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру болып табылды. Аталған облыстардың тұрғындары сауалнама мен пікіртерімге белсенді атсалысты, шағымдары мен ұсыныстарын «жедел желіге» қоңырау шалу арқылы жолдап, бағдарламаның нақты уақыт аралығындағы атқарылу барысын бейнероликке түсіріп отырды. Осының арқасында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды: мәселен, ШҚО-ның Глубокий ауданындағы Абай ықшам ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін  350 су тұтынушы нысанға арнап 52 млн. теңге бөлінген, алайда  250 үй әлі салынбаған және оларды  таяу 10 жылда салу Глубокий ауданының Құрылыс бағдарламасында көзделмеген.

«Қоғамдық мониторинг «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберіндегі барлық іс-шаралардың ажырамас бөлігі болуы тиіс. Бұл атқарылған жұмыстардың сапасын қадағалап, ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін әзірленген жобалардың жүзеге асырылу тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді», – дейді «Ангел» қоғамдық бірлестігінің директоры  Людмила Петрова. – “Жоба өткір мәселеге облыс билігі мен қоғамның назарын аудартуға көмектесіп, құрылыс жұмыстарының сапасы мен жылдамдығын арттырды».

«Қоғамдық мониторинг ауылдағы су құбырларының құрылысы мен қайта құрастырылуына бөлінген мемлекеттік бюджет қаржысының жұмсау тиімділігі мен ашықтығына қатысты қорытындыларды шығаруға көмектесіп, зерттелінген аудандарға бөлінген қаржының барынша тиімді игерілуіне жағдай жасады. Екі ауданның мысалында жинақталған тәжірибе мен қоғамдық мониторинг барысында меңгерілген тетіктерді елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған осыған ұқсас жергілікті бағдарламалар шеңберінде Қазақстанның басқа облыстарында табысты қолдануға болады», – деп санайды «Мемлекеттік қаржы ашықтығы» бағдарламасының директоры Жәнібек Хасан.

2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасының мақсаты, бірінші кезекте, тұрғындарды сапалы ауыз сумен және субұрғыш қызметтерімен қамтамасыз етуді көздейтінін еске саламыз. Республика аумағында атқарылатын жұмыстарға шамамен 1,3 трлн. теңге қарастырылған, оның ішіндегі 1,2 трлн. теңге республика бюджетінен, ал 109 млрд. теңге жергіліктібюджет есебінен қаржыландырылады. «Ақ бұлақ» бағдарламасы Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында қаржыландыруды республикалық бюджеттен тартуды және жергілікті бюджетті 2,9 млрд. теңге деңгейінде  ортақ қаржыландыруды қарастырып отыр.

Барлық қосымша сауалдарыңыз жөнінде келесі байланыс бойынша хабарласыңыз:

Людмила Петрова, жоба үйлестірушісі, «Ангел» ҚБ-нің директоры,

тел/факс: 8(71643) 2 59 45, ұялы тел.: 8 701 524 54 29, e-mail: ngoangel@mail.ru

Әйнел Қайназарова, Сорос-Қазақстан Қорының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі,

тел.: +7 (727) 258 13 54, ұялы тел.: 8 777 244 77 63, e-mail: akainazarova@soros.kz