23/04/2014
Алматыда «Толеранттылық» тақырыбына арналған көрме өтуде
22/04/2014
Қоғамдық саясат саласындағы жас зерттеушілерге арналған байқаудың нәтижелері
04/05/2014

«Әрекет ет!» әлеуметтік жобалар байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры Жастар Бағдарламасының қызметі аясында ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасындағы жастардың үкіметтік емес ұйымдарының (ЖҮЕҰ) арасында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша байқау жариялады.
Байқау Қазақстанның барлық өңірлеріндегі, соның ішінде ауылды жерлердегі ұйымдардың тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Байқауға 97 өтінім келіп түсті. Өтінім санының көптігіне орай байқаудың бюджетін арттыру туралы шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде жобалардың көп санына қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. СҚҚ Жастар Бағдарламасының Сарапшылар Комитеті келесі сұраным берушілерді қолдады:


1. 
«Кедергісіз жұмысқа орналасу» жобасы

 Мүмкіндігі шектеулі жастарды еңбектік және экономикалық қызметке тарту. Жобаның міндеті – мүмкіндігі шектеулі 42 жасты келесі кәсіптерге үйрету: іс-қағаздарын жүргізу,полиграфиялық дизайн, киімді пішу, тігу және жөндеу, фотосурет жасау және фотосуреттерді өңдеу, жобалық менеджмент, «топиарий» техникасы бойынша сувенирлік бұйымдарды жасау және т.б.

Өтінуші – «Yмiт-Надежда» тіректік-қозғалыс аппаратының функциясы бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы» ҚҰ, Қостанай қ.

2. «Аға, Әпке» жастардың еріктілер клубы» жобасы

Жобаның мақсаты: бейәлеуметтік мінез-құлыққа бейім балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету үшін еріктілер командасын құру. Еріктілер ретінде облыстың жоғары оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарының 50 студенті іріктеп алынады.

Өтінуші – «Қызылорда» Облыстық Қоғамдық балалар қоры, Қызылорда қ.

3. «Әрі қарай өмір сүр!» жобасы

Осы жоба аясында жастардың көмегімен қараусыз қалған ескі саябақты қалпына келтіру арқылы Атбасар қ. жастарының спортпен айналысуы мен бос уақытын өткізуіне арнап жағдай жасалатын болады.

Өтінуші – «Целина» Қоғамдық Қоры, Атбасар қ., Ақмола облысы.

4. «1 +1» жобасы

Жоба әлеуметтік ортадан тыс түрде, жабық типіндегі емханаларда емдеуге мәжбүр болып отырған ментальді бұзушылықтары бар адамдарға арнап емделудің басқаша әдісін ұсынады. Жобаның мақсаты – ментальді бұзушылықтары бар жастарға арнап Клубтық үйлер ашу.

Өтінуші – «Ашық әлем» жастардың еріктілер үйі» ҚҚҚостанай қ.

5. «Жас Азаматтық қоғам» жобасы

Жобаның мақсаты – ағарту, білім беру және құқық қорғау шаралары арқылы Семей қаласының жастар ортасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық қорғау қызметін дамыту. Жоба шеңберінде қаланың 100 жастарының қатысуымен адам құқығы бойынша 4 оқыту семинары өткізіледі.

Өтінуші – «Жастар салауатты өмір салты үшін» Шығыс-Қазақстан Облыстық Жастар Қоғамдық Бірлестігі, Семей қ..

6. «Учусь-пробую-делаю» жобасы

Жоба Шығыс-Қазақстан облысының нақты елдімекендеріндегі әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша практикалық жұмыс жүргізу барысында 20 ЖҮЕҰ, бастамашыл топтар мен жастардың көшбасшыларының және олардың ауылды жерлерде тұратын кемінде 200 бенефициарының, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кәсіби дағдылары мен әлеуетін азаматтық қатысу мен келешекті құрудың тиімді технологияларын беру арқылы арттыруға бағытталған.

Өтінуші – “ЗУБР” Әлеуметтік корпоративтік қоры, Өскемен қ.

7. «Бір қадам алға» жобасы

Осы жоба аясында Шемонаиха қ. мысалында жастарды жұмысқа орналастыру мен әлеуметтендіру мәселесі шешілетін болады. Жетім балалар, жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар, жұмыссыз жастар мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласында, қызмет көрсету саласында оқудан өтеді, сондай-ақ  отбасын жоспарлау, контрацепция, отбасылық бюджетті жоспарлау туралы толық ақпарат алып, құқықтық мәселелер бойынша білімін арттырады жәнет.б.

Өтінуші – «Шемонаиха аудандық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» ҚҰ, г. Шемонаиха, ШҚО

8. «Еріктілер мектебі «Қолынан ұстау» жобасы

Жобаның мақсаты Шымкент қаласының есту қабілеті бұзылған жастарын еріктілік ұстанымдарын дамыту мен насихаттау арқылы әлеуметтендіру, әлеуметтік еріктілер жоспарларын жүргізу. Жоба аясында еститін жастар естімейтін жастармен үнемі өзара әрекеттесіп отырады.

Өтінуші – «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» Оңтүстік-Қазақстан облыстық филиалы ҚҚ, Шымкент қ.

СҚҚ Жастар Бағдарламасы байқаудың барлық қатысушыларына өзінің алғысын білдіреді және оларға алдағы уақытта табыс және жаңа қызықты идеялар тілейді!