21/07/2016
Үлкен қаладағы спорт немесе Астананы бұқаралық спортқа ыңғайлы әрі қолайлы қала етіп қалай жасауға болады
20/07/2016
Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдардың шынайы оқиғаларына негізделген көрме өтеді
24/10/2016

Семейде Geohunt жобасы аясында дөңгелек үстел өтеді

«Жастар салауатты өмір салты үшін» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігі 22 шілде 2016 жылы, Семей қаласында Сорос  Қазақстан қоры көмегімен жүзеге асырылып жатқан «Geohunt – мәселені бірге шешейік» жобасы аясында, қызығушылық білдірген тараптармен қарым-қатынас орнату және жұмыс тетіктерін талқылау жөнінде дөңгелек үстел өткізеді.

Бүгінгі таңда Geohunt қауымдастығы қала тұрғындарын алаңдататын мәселелерге өкілетті мемлекеттік  органдардың көңілін аудару негізінде, халықты біріктіретін құрал болып қалыптасты.

«Осы жобаны жүзеге асыру барысында біз www.geohunt.kz сайтын аштық. Сайттың мақсаты – қаланың өзекті мәселелері бойынша ақпаратты жазып, оны талқылау және мәселені шешу жолдарын табуға атсалысу. Сайтта осы күнге дейін 500 ден астам сұрақтар жарияланып, оның 150-і өз шешімін тапты» – дейді «Жастар салауатты өмір салты үшін» ұйымы жетекшісі Ерсін Құдияров, – «Ары қарай жиналған қалыпты тәжірибе мен жұмыс тетіктерін Қазақстанның басқа өңірлеріне тарату жоспарланып отыр».

«Geohunt жобасы өзіне жаңа технологияның жетістіктерін шоғырландырған, халықтын қала мәселелерін шешуге қатысуға және жергілікті әкімшілікпен тиімді диалог орнатуға мүмкіншілік береді. Жоба қалаға елеулі пайда әкелумен қатар, қала тұрғындарын өз мекеніне деген жауапкершілігін өсіреді, ал қала әкімшілігін – қоғам алдындағы есептілігін асырады» – дейді Сорос Қазақстан қорының Жастар Бағдарламасының үйлестірушісі Сауле Мамаева. «2011 жылдан бастап ШҚО СҚҚ Жастар Бағдарламасы аясында, жас белсеңділер мен жастар үкіметтік емес ұйымдарымен жүзеге асырылған,15  жоба қолданып, оған 24 млн.тенге бөлінгенің айта кету керек».

Дөңгелек үстөлге қала маслихат депутаттары, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар басшылары, қоғамдық ұйымдар, қоғамдық белсенділер және БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Семей қаласы, Ленина көшесі, 4 (Достық үйі)

Қосымша ақппараты 8 (7222) 52 05 58, 8 777 424 40 01 нөмірлері бойынша Ерсін Құдияровтан сұрауларынызға болады.