Қазақстанның түрлі өңірлерінде карантинді біртіндеп жеңілдету бойынша шешімнің қабылдануына байланысты, Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) серіктестерінің қоғамдық шараларды ұйымдастыруы мен өткізуіне тыйымды жартылай алып тастады.
Серіктестер СҚҚ грант қаражатына оффлайн шараларды өткізе алады, бірақ өңірдегі барлық карантин шараларын сақтауы керек және міндетті түрде шара қатысушыларынан өзекті әрі теріс нәтиже көрсеткен ПТР-тестін немесе вакцинация бойынша паспортты көрсетуін талап етуі тиіс. Аталмыш талаптардың орындалуына жауапкершілік серіктестердің өздеріне артылады.
Бұл шешім өз күшіне 2021 жылғы 11 қазанда енеді және елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни, шара өтетін аймақта карантин шаралары күшейтілетін болса, онда бұл шешім өз күшін жоғалтады. Барлық қосымша ақпарат бойынша серіктестер СҚҚ-ның бағдарлама үйлестірушіcіне хабарласа алады.