06/08/2013
Мемлекеттік тапсырыстың ашықтығы
31/07/2013
Журналистерге арналған стипендиалық бағдарлама бойынша байқау қорытындылары
21/10/2013

Әлеуметтік қысқаметражды кино байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры «Жастар бастамасы» бағдарламасы шеңберінде биылғы көктемде 18 және 35 жас аралығындағы жеке тұлғалардың арасында қазақ тіліндегі қысқаметражды (әлеуметтік, ойын, деректі не анимациялық) кино байқауын жариялады.

Аталмыш байқауға Қазақстанның барлық қалаларынан 42 өтінім келіп түсті. «Жастар бастамасы» бағдарламасының Сарапшы Комитеті байқаудың 2 жеңімпазын жариялады:

1.  «Елес» сұранымы. Шибанов Эльдар Дәулетұлы.

Бұл жұмыста бірқатар тақырыптар қамтылған: экологиялық апатқа ұшыраған халқы аз елдімекендерде тұратын жасөспірімдер; күнделікті өмірі мен келешегі; биологиялық қарумен байланысты ғылыми-зерттеу қызметінің зардаптары; білім алу құқығы.

2.  «Қолымнан ұста» сұранымы. Мырзалинова-Яковлева Салтанат Оңғарбекқызы.

Бүкіл әлемде күрделі ауруларды емдеу, квота бойынша емдеу мәселесі өзекті сипатқа ие болуда. Әрі бұл мәселе техникалық прагматикалық көзқарас аясынан шығып, көбінеки бөгде адамдардың тарапынан көмек алуға үміттену, қоғамға деген сенім мәселесіне айналып отырады. «Қолымнан ұста» фильмінде қанның қатерлі ісігі ауруына шалдыққан жасөспірім және орта жас дағдарысына енді аяқ басқан шенеунік бір-біріне өмірдің мәнін, сол арқылы өмірдің өзін табуға көмектеседі.

«Жастар бастамасы» бағдарламасының қызметкерлері мен Сарапшы Комитеті байқаудың барлық қатысушыларына алғысын білдіреді және оларға алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жаңа қызықты идеялар тілейді!