23/04/2020
COVID-19: төтенше жағдай тұсында интернет тұтынушы үшін қауіп қандай?
21/04/2020
Сорос-Қазақстан қорының COVID-19 аясындағы арнаулы резерв қоры бойынша жиі қойылатын сұрақтар
27/04/2020

Сорос-Қазақстан қоры COVID-19 қарсы күреске 500 000$ бөліп отыр

Сорос-Қазақстан қорының (СҚҚ) камқоршылар кеңесі Қазақстандағы COVID-19 пандемиясы кезеңінде халықтың ең әлжуаз топтарына көмек көрсету үшін 500 000$ арнайы резерв қаржы бөлуді ұйғарды.

«Пандемия ауқымы қоғамдағы бірқатар әлеуметтік және экономикалық мәселенің бетін ашты. Індет жағдайы әлеуметтік әлжуаз топтардың тізімін үлкейтіп жіберді; оның үстіне ТЖ режиміндегі шектеу шаралары кейде адам құқықтары бұзылуына себеп болып жатады. СҚҚ арнаулы қоры мамырдың аяғына дейін пандемия кезеңінде қоғамның ең әлжуаз топтарын қорғауға бағытталған жобаларға байқаудан тыс өтінімдер қабылдайды. Жаңа сын тегеурініне бейімделе отырып, бағдарламалық жұмысымызды пандемия жағдайына орайластыра қайта қарауға да дайынбыз, деді Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрайымы Аида Айдарқұлова.  – Арнаулы резерв құру – пандемия салдарынан туындайтын күнделікті сын тегеуріндеріне біздің жауабымыз, Қордың вирус таралуын тоқтату жолындағы және оның ел жағдайына тигізер зардабымен күреске қосар үлесі.»

Арнаулы қор аясында COVID-19 кезеңінде әлеуметтік әлжуаз топтарды (қарт адамдар, мүгедектігі бар адамдар, паллиативтік қызметтер пациенттері, арнайы оқыту жағдайын қажет ететін балалар, тұтқындар, мигранттар және т.б.) қолдау; жалған ақпарат таратуға қарсы тұру; онлайн оқытуға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту; мемлекеттік бюджет қаражатының пандемиямен күреске жұмсалуына мониторинг жүргізу; төтенше жағдай кезіндегі адам құқықтарын қорғау және алдыңғы орынға шығару жөніндегі өтінімдер қабылданады.

Бүкіл Қазақстан бойынша Қордан COVID-19 аясында қолдау қаражатын алған жобалар жұмыс істей бастады. Олардың арасында медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсету, жалған ақпарат таратумен күресу үшін халықтың медиасауатын арттыру, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қашықтан оқуға көшу жағынан қолдау көрсету жөніндегі жобалар бар.

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) – Ашық қоғам қорлары – филантроп Джордж Сорос негізін қалаған офистер мен қорлар желісінің бір бөлімі. Ашық қоғам қорлары дүниежүзіндегі COVID-19 әсерімен күреске жалпы 130 миллион доллардан астам қаражат бөлді.