27/02/2020
Ұйымдардың IT-қауіпсіздігін бағалау
26/02/2020
Сорос-Қазақстан қорының гранттарына онлайн-өтінім тапсыруға мүмкіндік беретін application.soros.kz порталын пайдалану жөнінде нұсқаулық
28/02/2020

Сорос-Қазақстан қоры сұранымдарды қабылдау бойынша онлайн-жүйені іске қосты

2020 жылдың 1 наурызынан бастап Сорос-Қазақстан қоры сұранымдарды қабылдау бойынша онлайн-жүйені іске қосады. Бұдан былай қор гранттарына қызығушылық танытқан үміткерлердің бәрі https://application.soros.kz/ сайтына тіркелуі керек.

Сайтта өзіңізге қажет Бағдарламаны/Бастаманы, сосын сұранымның түрін (байқау, байқаудан тыс сұраным, жол жүру гранты) таңдауыңыз және онлайн-сұранымды толтыруыңыз қажет. Осы әрекеттің бәрін дұрыс орындаған тұлғаға сұранымның жүйеге қабылданғандығы туралы ескертпе келеді. Онлайн-сұранымды толтыру бойынша нұсқаулықты мына жерден көре аласыздар. Қандайда бір себептерге байланысты онлайн сұранымды толтыра алмай жатсаңыз, онда бізге application@soros.kz поштасына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Маңызды ақпарат! Сұранымды тіркеу нөмірін алғаныңызға көз жеткізіңіз. Егер 2 күн ішінде нөмір алмасаңыз (“Спам” жәшігін тексеруді ұмытпаңыз), сәйкесінше Бағдарлама/Бастама үйлестірушісіне хабарласыңыз.