12/10/2011
Қазақстандық белсенділер Дүниежүзілік хоспистер мен паллиативтік қызметтер күнін атап өтуде
07/10/2011
Қазақстан Республикасындағы жастар ҮЕҰ: кім, неліктен және қалай?
14/10/2011

Сорос-Қазақстан Қоры соңғы екі жылдағы жұмысының қорытындысын жариялады

АЛМАТЫ, 2011 жылғы 12-қазан – Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) қоғамдық саясатты қалыптастыруда делдал рөлінде 2010-2011 жылдарға арналған стратегияны ұстана отырып, бірқатар әлеуметтік реформада өзгерістерге қол жеткізді.

2011 жылғы ақпанда СҚҚ қолдауымен Қазақстанда ТМД елдеріндегі тұңғыш азаматтық бюджет (мемлекеттік бюджеттің кең жұртшылыққа түсінікті тілмен жазылған нұсқасы) жарияланды.ҚР денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған және білім беру ісін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары дайындалып, қабылданды.Осы бағдарламаларға паллиативтік көмек көрсету мен инклюзивтік білім беруді ендіру жүйесін одан әрі ілгерілету туралы СҚҚ-ның қатысуымен және қолдауымен әзірленген ережелер кірді.

СҚҚ Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Наргис Қасенованың пікірі бойынша:«Сорос-Қазақстан Қоры үкіметтің, бизнес пен азаматтың қоғамның «тең дәрежеде» белсенді ынтымақтасуы ел үшін тиімді екенін дәлелдеп, қоғамдық саясатты дамытудағы делдал ретіндегі өзі үшін жаңа міндетті табысты атқаруда.Қор жаңартпалық тәсілдемені қолдануға және әлеуметтік мәні бар мәселелердің жаңа қырларын ашуға тырыса отырып, бірқатар өзгеріске түрткі болды».

2010 жылы СҚҚ «Мемлекеттік қаржының ашықтығы», «Құқықтық реформа», «БАҚ-ты қолдау» және «Жастар бастамалары» сияқты бағдарламалық бағыттар бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен жекелеген адамдарға 350 миллионнан астам теңгеге 320 грант бөлді.

2010 жылы гранттық өтінімдердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі еседен астам көбейді.Үстіміздегі жылдың үш тоқсанында түскен өтінімдердің саны осы серпіннің сақталып отырғанын көрсетеді.Бұл орайда, Алматы қаласындағы үкіметтік емес ұйымдарға берілген гранттардың үлесі соңғы үш жылда тіркелген өтінімдердің жалпы санының жартысы дерлігін құрайды.

СҚҚ бағдарламаларының директоры Антон Артемьев былай деп санайды:«Біз Қазақстанның аймақтарында бастамашыл топтар мен жаңа үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін дамыту қажеттігін түсінеміз.Жақын болашақта біз азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалар тобын жоспарлап отырмыз, соның ішінде жаңа бастамашыл топтар мен үкіметтік емес ұйымдарға арналған оқыту бағдарламаларын іске қосамыз».

СҚҚ 2010 жылғы қыркүйекте қоғамдық саясатты қалыптастырудағы дәнекер ретіндегі өзінің жаңа рөлі туралы мәлімдеді.Сол кезге қарай Қор Қазақстандағы білім беру жүйесін қайта құру және ювеналдық әділет тұжырымдамасын ілгерілету сияқты мәселелерде белгілі бір табысқа жеткенін паш етіп те үлгерген еді.