06/08/2018
«iMedia Project 2018-2019» жобасы байқауының нәтижесі
27/07/2018
ҚР ҚДМ Қазақстанда Ашық Үкімет бастамасын жүзеге асыруда дәнекер болуға дайын
20/09/2018

Алматыда мүгедектігі бар адамдардың құқы бойынша жазғы мектеп өтуде

«Қайрат Иманалиев атындағы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия» Қоғамдық бірлестігінің бастамасы, Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен және Мүгедектігі бар адамдардың Халықаралық Альянсының (International Disability Alliance) тікелей қатысуымен «Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Конвенциясы – практикалық аспектілері» тақырыбына семинар өтуде.  

Бес күн бойына семинардың отыз қатысушысы мүгедектігі бар адамдардың құқықтары үшін әлемдік қозғалыста қызмет етіп жүрген танымал адвокаттардың жетекшілігімен БҰҰ-ның Тұрақты Дамуының Мақсаттары (ТДМ) және оларды күнделікті жұмыста қолдану саласында жаңа білім алады. Сонымен қатар, ТДМ және Мүгедектердің құқықтары жөніндегі Конвенцияның (МҚК) бірін-бірі қалай күшейтетіні жайлы түсінік алады, оларды орындаудың мониторинг үдерісінің инструменттері мен техникасын игереді. Сондай-ақ, қатысушылар ҚР-да өзге ҮЕҰ көшбасшыларымен танысады, МҚК-ның инновациялық жақтарымен танысады, адвокация, ҚР-да мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын тиімді іске асыру үшін қажетті ақпаратты жинақтау және құқықтарын қорғау саласындағы өз әлеуетін арттырады.  

«Аталмаш мектеп біздің серіктеріміз – Мүгедектігі бар адамдардың Халықаралық Альянсымен осы уақытқа дейін әлемнің бірқатар елінде өткізілді», – дейді Айнұр Шакенова, Сорос-Қазақстан қоры «Баршаға ашық қоғам» бастамасының үйлестірушісі. «Шара мақсаты – құқық қорғаушы ҮЕҰ-дар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға күнделікті қызметінде ерекше қажеттілігі бар адамдардың кедергісіз және еш кемсітішіліксіз өмірге деген құқын қамтамасыз ету үшін қажетті құралдармен қамтамасыз ету» 

Семинар сарапшылары Гунта Анча (Мүгедектік жөніндегі Еуропалық Форумы),  Оршойя Барта (IDA, Аға кеңесші, 2030 бағдарламасы) және Янина Арсеньева (тәуелсіз сарапшы)