Айрықша қажеттілігі бар балаларды институттау мәселесіндегі дәрігерлік этика факторы
January 31, 2019
Қуаныш Оңалбаев, экономист: «Көпшілік ел бюджетінен хабарсыз»
February 15, 2019

Қазақстан ұстаздары: жастар аталмыш мамандықты не үшін таңдайды?

2019 жылғы 13 ақпанда Астанада «Белес» талдау және стратегия орталығы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен дайындаған «Қазақстан ұстаздары: жастар аталмыш мамандықты не үшін таңдайды және осы мамандықта қалуға оларды не ынталандырады» атты зерттеуінің тұсаукесерін өткізді.

Кездесуге парламент мәжілісінің депутаты, Білім және ғылым министрлігінің, оған тиесілі Астанадағы құрылымдар мен басқармалардың өкілдері, Назарбаев және Еуразия университеттерінің профессорлары мен зерттеушілері, ұстаздар қауымдастығы қатысты.

«Қазақстанда осы уақытқа дейін ұстаздарды кәсіби ынталандыру себептерін анықтайтын бірде-бір зерттеу өткізілген жоқ. Біздің зерттеу алғаш рет ұстаздар қауымы кездесетін шынайы мәселелерді көрсетеді. Аталмыш зерттеу барысында жасалған қорытындылар мен ұсыныстар өте жақсы әрі тиімді «Ұстаз мәртебесі туралы» заңды жасап шығуға көмектеседі деп үміттенеміз», – деді Ирсалиев Серік Азтаевич, «Белес» талдау және стратегия орталығының президенті.

Зерттеу нәтижесінде «Ұстаздадың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңын дайындау барысында ескерілуі мүмкін ұсыныстар талқыланды.

«Қазақстан ұстаздары: жастар аталмыш мамандықты не үшін таңдайды және осы мамандықта қалуға оларды не ынталандырады» атты зерттеудің толық нұсқасымен келесі сілтеме арқылы орыс тілінде таныса аласыздар.