22/09/2021
«Дурные шутки» көрмелер циклінің каталогы
12/02/2021
Трансформация процесі
22/09/2021

Маңызды ұстаным

Надежда Козаченко, «Кредо» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. Паллиатив көмек, АИТВ жұқтырғандар мен есірткіге тәуелділерге келетін зиянды азайту және бірлестік қалай ұйымдастырылатыны туралы

Біздің ұйым «Кредо» деп аталады, қоғамдық бірлестік 1999 жылдың қаңтар айында құрылды. Оны құруға айрықша қажеттік болды. Ол қандай қажеттік еді? Мен ол кезде Қарағанды облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығы жанындағы медициналық академияда иммунология және аллергология кафедрасын басқаратынмын. Сол кезде біздің дәрігерлер екі колониядағы Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған АИТВ жұқтырған сотталушыларды тексерумен айналысты.

Қиын заман еді. АИТВ жұқтырған сотталушылармен жұмыс істеуге қажет дәрі-дәрмек жоқтың қасы. Әрі мұндай науқастарда көптеген басқа қабыну қатар жүреді. Осының бәрі жинала келіп, ЖИТС орталығының дәрігерлері және кафедра қызметкерлерімен бірге қабынуды емдеу тәсілдерін іздеумен айналысатын үкіметтік емес ұйым құруға итермеледі. Сорос-Қазақстан қоры бізді алғашқылардың бірі болып қолдады.

Бастапқыда ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыстық. Соның нәтижесінде кандидаттық диссертациялар қорғалып, патенттер алынды. Кейінірек АИТВ инфекциясы мен есірткіге тәуелділіктің алдын алу керектігін түсіндік. Біздің ең үлкен жобамыз «Зиянды азайту» бағдарламасы болды. Оның аясында екі стационар, бір жылжымалы шприц алмасу пунктін ұйымдастырдық. Бұл қоғамға ғана емес, өзімізге де пайдалы болды. Медициналық және әлеуметтік қолдауға, аутрич жұмыс негіздерін игеруге, бірқатар кәсіби әлеуметтік қызметкерді жетілдіруге, құқық қорғау органдарымен қарым-қатынас орнатуға, әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасылардың қажеттігін түсінуге көмектесті. Оған қоса, әрине, халықпен, медицина қызметкерлерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен белсенді ақпараттандыру жұмысына жол ашты.

Сорос-Қазақстан қорының арқасында біз танымал, қолға алған жобасының принципіне адал ұйым ретінде қалыптастық! Қормен серіктестік нәтижесіндегі тәжірибеміз біздің ұйымға 21 жыл бойы жемісті қызмет етуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі жағдайымыз қалай? Қазіргі уақытта Қазақстанда заңды тұлғалар қауымдастығына қарайтын «Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдар одағының» қолдауымен АИТВ жұқтырған адамдардың проблемасымен айналысатын көптеген жаңа ұйым жұмысын бастады. Олар үнемі кәсіби болмаса да, амбициясы жоғары ұйымдар. Біз негізінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларымен жұмыс істейтіндіктен, ұйымдар мен жұмыс бағытының әртүрлі болуы белгілі бір қиындықтар туғызды. Мен «үзік-үзік қаржыландырудың» (аса маңызды жобалар қолдау тапқанымен, жыл соңына дейін созылмайды) пайда болуына әсер еткен атышулы демпинг туралы және «Кредо» бірлестігі жұмысының көптеген басқа аспектісі жайында айтып отырмын. Бұл жерде де бізге Сорос-Қазақстан қорымен жұмыс істеу кезінде жинаған тәжірибеміз көмектесіп отыр. Оның ішінде өтініш жазу, мемлекеттік құрылымдармен жұмыс істеу тәжірибесі де бар.

Өкінішке қарай, кейінгі жылдары елімізде біздің салаға қажет осындай жобаларды көріп жүрген жоқпын. Бірақ Сорос-Қазақстан қорының күн сайын өмірімізді өзгертіп жатқанын білемін. Мұның бәрі Қордың командасы сенетін демократия құндылықтарының, ізгілік пен жұмыстағы ашықтықтың арқасы. Дәл осы Қор бірінші болып Қазақстанда паллиатив көмек жоқ екенін айтты және зерттеу, ақпараттық-білім беру бойынша бірнеше жобаны бастады. Жұмыс тобы да құрылды, Қазақстан Республикасында паллиатив көмек көрсетудің стандарты жасалып, ұсынылды, денсаулық сақтауды дамыту бағдарламаларына ұсыныстар енгізілді, алғашқы мобильдік топтардың жұмысы басталды. Нәтижесінде Қазақстанда паллиатив көмек беру қауымдастығы құрылды.