12/11/2016
Қоғамдық кеңес: жұмыс тәжірибесі мен өзара байланыс механизмі
11/11/2016
Қазақстанда 400 000 мүмкіндігі шектеулі азаматтың жұмыс істеу ниеті бар
23/11/2016

Баррель түбі: бүгін неге кешегідей әрекет етуге болмайды?

Сарапшылар Алматыда мұнай дүмпуінен кейінгі экономиканың өсу жолдарын талқылауға жиналды.

АЛМАТЫ, 2016 ж. 12 қазан – Сорос Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен «Мұнай дүмпуінен кейінгі Қазақстан: ілгерілеудің жаңа бағыттары» атты зерттеуді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.

Дөңгелек үстел мақсаты – зерттеудің негізгі ережелерін көрсету, экономика саласында орын алған ағымдағы жағдайды, экономикалық дағдарыс кезеңіндегі негізгі қауіптерді талқылау, сонымен қатар, жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарды ұсыну.

Соңғы екі жылда мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне, республикалық бюджет дефицитінің өсуіне, сонымен қатар, экономиканың ішкі әлеуетінің төмендеуі мен күтілген рецессиясының салдарынан Қазақстандағы экономикалық жағдай күрт нашарлады. Қазақстан Үкіметі әлем экономикасында орын алған жағымсыз трендтер орташа мерзімді сипатқа ие деген қағиданы ұстануда. Алайда сарапшылардың пікірінше, аталмыш жағымсыз процестердің әсері ұзақ уақытқа созылып, әлем конъюнктурасы өзгергеніне қарамастан, ел экономикасының тұрақтылығына ұзақ мерзімде әсер етуі мүмкін.

«Экономика өсімін ынталандыруға жүйелі институционалдық реформаларды жүргізудің оңтайлы уақыты келгені анық.  Exit policy, яғни дағдарыстан шығу саясаты барлық қызығушылық білдірген тараптармен бірлестікте дайындалуы мүмкін. Бұл ретте, оларды қалыптастыру үшін сарапшылар тікелей атсалысуға дайын” – дейді  зерттеу авторларының бірі, Investment Group ACME Co.LTD ұйымының бас директоры Жанар Сұлтанбекова.

Өз кезегінде Сорос-Қазақстан қорының Басқарма басшысы Антон Артемьев былай дейді:  «Биыл қор «Ашық экономика» бастамасын іске қосты. Аталмыш бастаманың мақсаты жаңа экономикалық саясатты дайындау және енгізу  процесінде билік пен сарапшылық қауымдастықтың ашық әрекеттесуіне мүмкіндік беретін механизмдерді дайындау болып табылады. Әсіресе, бұл бастаманың Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттарын енгізу мәнмәтінінде ерекше маңызға ие болып отырғаны анық».

Дөңгелек үстел жұмысында экономика және қаржы саласындағы отандық сарапшылар қатысады. Шара нәтижесінде сарапшылар зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ұсыныстарды дайындайды және  оларды ҚР Үкіметі жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңеске жібереді деп күтілуде.

Шара туралы қосымша ақпарат алу үшін СҚҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Әйнел Қайназароваға +7 777 2447763 телефоны, не akainazarova@soros.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыздар.