09/10/2014
«Қамқор» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуға көмек көрсетеді
30/09/2014
iMedia Project байқауының жеңімпаздары анықталды
24/10/2014

Білім алу құқығы

Қазақстанда 2011-2020 жылдарға білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес, 2020 жыл қарсаңында мектептердің жалпы санының 70%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалуы тиіс.

Осы мақстақа жету барысындағы ең үлкен  міндеттердің бірі – отандық инклюзивті білім беру саласындағы ұстаздардың дайындығы мен білімдерін жетілдіру үрдісіне өзгерістер енгізу екені сөзсіз. 

Осыған орай, 2013 жылы Сорос-Қазақстан Қоры қолдауының көмегімен «Школа для всех» ҚҚБ педагогикалық жоғары оқу орындары (ЖОО) үшін «Инклюзивті білім берудің негіздері» атты курсын жасақтап, ағымдағы жылда аймақтық педагогикалық жоғары оқу орындарының мұғалімдеріне арнап инклюзивті білім беру әдістемелері мен стратегиялары жайында бірқатар тренингтер жүргізді. Аталмыш тренингтер Шымкент, Семей, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында өтіп, оларға колледждер мен ЖОО-дан 160 мұғалім қатысты.

«Біз инклюзивті білім беру саласындағы жобаларды бұлардан әлдеқайда кеңірек, осал топтардың негізгі әлеуметтік қызметтерге қолжеткізу құқығын талап ету бастамалары аясында бастаған едік.  «Барлық бала білім алуға қабілетті, және өзінің дене, зиялылық басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, әр бала сапалы білім алу құқығына ие» деп тұжырымдалатын инклюзивті білім беру концепциясы білім беру саласындағы теңсіздікті жою идеясын толықтай қамтиды», – дейді Сорос-Қазақстан Қорының білім беру мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сәуле Қалиқова.

«Тренинг басында ЖОО өкілдерінің инклюзивті білім беру технологиялары мен әдістеріне, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға байланысты көптеген сұрақтар туындады. Қатысушылардың инклюзивті білім беру тақырыбымен таныс болмағандығына және олардың білімдері үстіртін екендігіне байланысты бұл таңқаларлық жағдай емес», –  дейді «Школа для всех» ҚҚБ директоры Гүлбадан Зақаева. «Тренинг барысында жоба мақсаттары мен міндеттері нақтыланып, ағымдағы проблемалар талқыланды, инклюзивті білім беру әдістері ұсынылды».

Тренингтерді жасақтау барысында инклюзивті білім беру саласындағы әлемдік жетістіктер ескерілді, дегенмен ерекше назар мүгедектікті түсінудің әлеуметтік тәсілдеріне, олардың бірегей білім беру жүйесі жағдайындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес басқа тәсілдерден айырмашылықтарына аударылды.

Тренинг бағдарламасы бірін бірі толықтырып отыратын, сабақтас 6 сессиядан құралды: «Инклюзияны анықтау», «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытудағы жекелендіру және дифференциялау», «Инклюзивті білім беру проблемалары мен өзекті сұрақтары фильмі көрсетілімі және талқылануы», «Білім беру процессін инклюзивті ортаға бейімдеу», «Инклюзивті ортада мұғалімдер, ата-аналар және мамандар әріптестігінің ерекшеліктері», «Студенттердің тәжірибелік сабақтарында білім берудің интерактивті тәсілдерін қолдану».

Тренинг қатысушылары халықаралық құжаттарымен, қазіргі таңдағы мемлекеттің  инклюзивті білім беру саласындағы міндеттерді іске асыру саясатымен танысып, білім берудің интерактивті тәсілдерін қолдану машықтарын жетілдіріп, жекелендіру тұжырымдамасы туралы мағлұмат алды.

Қамалбек Беркімбаев (Кентау): «Тренинг материалдары қонымды және қисынды жүйе түрінде ұйымдастырылған. Маған тренинг өзінің құнттылығымен ұнады. Жетілдірілген машықтар енді ұмытылмастай, автоматты түрде қосылады деп ойлаймын. Мен міндетті түрде осы тренингті өзімнің әріптес- мұғалімдер арасында жүргізіп, оларды инклюзивті білім беру философиясымен таныстырамын. Тренингке қатысқаннан бері, жұмысым қызықтырғыш болып келеді!».

«Биыл магистратураны бітірдім, әрі қарай кафедраға мұғалім болып барамын. Осы тренингтен кейін бар үрейлерім, қауіп-қорқыныштарым жоғалып кетті. Барлығы өте жоғары деңгейде болды. Енді басталып  келе жатқан кәсіби өмірімдегі бұл ең бірінші оқу тренингім!», – деді Данияр Өтеғұлов (Талдықорған).

«Инклюзия деген не? Инклюзивті білім беруде қандай әдістемелер қолдану керек? Сабаққа материалдарды қалай бейімдеу керек? Осы сұрақтардың барлығына тренинг барысында жауап алдық. Әсіресе нақты құрылымдалған теория мен инклюзивті білім беруді жүзеге асыру жолдарының үлгілерін қамтыған материалдарды оқытушылардың тәжірибелік түрде ұсынуы ұнады», – деп Виктория Кондратенко (Шымкент) басқа қатысушылар пікірлерін толықтырды.

Біз еліміздегі инклюзивті білім берудің дамуы барлық деңгейдегі оқу орындарының оқыту-тәрбиелеу қызметтерін жақсы жаққа қарай өзгертуде ат салысып, және соның нәтижесінде білім берудің сапасы жақсарып, ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру мектептеріне қабылдау – мұғалімдерге заманауи  инновациялық технологияларды меңгеруге себін тигізеді деп сенеміз.