23/10/2018
ҚР ҚДМ Қазақстанда Ашық Үкімет бастамасын жүзеге асыруда дәнекер болуға дайын
20/09/2018
Астанада әлемге әйгілі World Press Photo 2018 ең үздік фотожұмыстар көрмесі ашылды
29/10/2018

Астанада мүгедектігі бар балалардың аналарына арналған оқу орталығының тұсаукесері өтті

“Mama pro” әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры  Сорос- Қазақстан қоры «Ашық экономика» бастамасының қолдауымен “Ерекше балалары бар аналарға арналған оқыту орталығы ” жобасының тұсаукесерін өткізді.

Жобаның мақсаты – ” бірлескен кеңсе” үлгісінде жұмыс істейтін коворкингте ерекше балалардың аналарын оқыту, жұмыспен қамту және әлеуметтендіру. Бұл жерде аналар компьютерлік сауаттылық, бухгалтерлік есеп, жеке бренд, SMM сынды курстардан өтеді. Орталықта ата-аналар білім алып жатқан кезде, балалары тәрбиешілер мен психологтардың жетекшілігімен ойын алаңында уақыт өткізе алады.

«Ресми мәліметтерге сәйкес, ҚР 80 000-ға жуық мүгедектігі бар бала өмір сүруде. Ерекше қажеттілігі бар бала дүниеге келгенде ана шарасыз күй кешіп, бар уақытын балаға арнайтыны жасырын емес. Сондай-ақ, еліміздің еңбек нарығында әйелдерді жұмысқа алу, қызмет бойынша жылжыту, айлық пен жеңілдіктерді тағайындау барысында түрлі кемсітушіліктер кездесіп жатады. Осы ретте, әлеуметтік мүмкіндігі осал топтардан шыққан әйелдердің экономикалық әлеуетін дамытуға, оның ішінде стартаптарды құру мүмкіндігін ашуға жәрдемдесуге бағытталған осы маңызды жобаны үлкен қуанышпен қолдадық», – дейді Антон Артемьев, Сорос – Қазақстан қорының басқарма төрағасы.

Орталықта 6 айлық жоба аясында 60 келіншек білім алады деп жоспарлануда. Тренинг аяқталғаннан кейін аналар үлкен инвестицияларсыз жеке бизнес ашу дағдыларын игереді.