30/05/2019
Білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бойынша байқаудың қорытындысы
27/05/2019
Open Budget Fellowship – 2019 байқауының нәтижесі
03/06/2019

Алматыда мүгедек балалары бар аналарға арналған орталық есігін ашты

«Мама Про» әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерді қолдау және дамыту қоры (Нұр-Сұлтан қ.) Алматы қаласында «Мама Про Алматы» филиалының салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Енді оңтүстік астанананың мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналары да бүлдіршіндерін балалар бөлмесіне тәрбиешілер мен психологтардың қарауына тапсырып, кәсіпкерлік негізін меңгеріп, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады.

2018 жылдан бері «Мама Про» орталығында Сорос Қазақстан қоры және АҚШ елшілігінің қолдауымен мүгедек балалары бар 120-дан астам аналар білім алды. Аталмыш жобаның ерекшелігі – қатысушы аналар сырттан көмек күтпей, өз бизнес бастамасын жүзеге асырып, кәсібін ашып, сондай ақ басқа да қиын жағдайдағы аналарға қолдау көрсететіндігінде жатыр.

«Курсты тәмамдаған аналар отбасылық кірістің орта есеппен 9%-ға өскендігі, сонымен қатар өз өзіне деген сенімділіктің артқаны, эмоционалды жағдайының жақсарғаны жалпы отбасылық ахуалға оңтайлы әсер еткенін айтады. Мысалы, біздің үздік түлектеріміздің арасында оңалту орталығы мен кейтерингтік компанияның негізін қалаушылар, кондитер, аспаз, тігінші, фотограф, визаж мамандары, скрапбукер сынды басқа да көптеген кәсіпті меңгерген аналар бар» , – деп атап көрсетті. – «Біз дамуында ерекшелігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен өз тәжірибемізбен бөлісіп, олардың жаңа белестерді бағындыруларына, көкейіндегі жоспарларын жүзеге асыруыларына ынталандыратын мүмкіндік беріп отырғанымызға, сонымен қатар, басқа қалаларда да «ерекше балалардың оңалуы – алдымен анасының оңалуынан басталады» деген ұстанымды әр күн сайын дәлелдейтін осындай орталықтардың пайда болуына жол салып отырғанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті «Мама Про» орталығының директоры Гүлсім Семенова.

«Бүгін – серіктестеріміздің бірі үшін маңызды күн. Біз 2018 жылдан бері қолдау көрсетіп келе жатырған «Мама Про» қоғамдық қоры өзінің дамуының жаңа кезеңіне қадам басып жатыр. Қордың қызметі халықтың әлеуметтік әлсіз тобынның инклюзивті экономикалық дамуы мен экономикалық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін «Ашық экономика» бастамасының арқасында мүмкін болды. Қордың негізін салушылар екі жылға жетпейтін уақыт аралығында қор құру идеясынан бастап Алматыда филиалының ашылуына дейін үлкен жолмен жүріп өтті. Болашақта қор өз қызметін Қазақстанның басқа қалаларында кеңейтпекші. Біз қор ұжымына табыс тілеп, өсіп-өркендей беруіне тілектеспіз!»–  деп Сорос – Қазақстан қорының төрайымы Аида Айдарқұлова  өз тілегін білдірді.

Аталмыш шарада «Мама Про» қорының негізін салушылар мен серіктестері, донорлық ұйымдар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, сондай-ақ «Мама Про» орталығында білім алған мүгедек балалары бар ата-аналар қатысты.

Ашылу салтанаты аясында қор қызметі, қазіргі және жоспардағы жобалардың  презентациясы, «Мама Про» ортылығының оқу бағдарламасы таныстырылды. Сонымен қатар Алматы филиалында оқу бағдарламасын тәмамдамаған түлектер өз бизнес жобаларын ұсынды.