Біздің команда

Сәуле Мамаева

Жаңа азаматтық бастамалар бағдарламасының үйлестірушісі

Толығырақ

Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің филология факультетінің түлегі. КИМЭП университетіндегі «іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады.

2006-2009 жж халықаралық заң фирмасында қызмет істеді. 2008 жылы Мэриленд штатында (АҚШ) тәжірибеден өтті.

Регина Киреева

Грант менеджер

Толығырақ
Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің философия-экономика факультетінің түлегі. Еуропа комиссиясының құрамында және USAID аймақтық миссиясында қызмет атқарды. Сорос-Қазақстан қорының ұжымына 2014 жылы қосылды.

Гаухар Ақылбекова

әкімшілік үйлестірушісі

Толығырақ

Айжан Ошақбаева

«Адам құқығы» бағдарламасының үйлестірушісі

Толығырақ

Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Халықаралық құқық» факультетін, Д.Қонаев атындағы университетінің магистратурасын және Адам құқықтары Хельсинск қоры (Польша) жанындағы адам құқықтары бойынша Жоғары курсты бітірді.

Қызмет жолын «Транспаренси Интернэшнл-Казахстан» ҚҚ-ның «Жемқорлыққа қарсы құқықтық орталығының» қоңырау шалу желісінде кеңесші қызметінен бастады. Осы ұйымның Астана қаласындағы бөлімшесінде жоба үйлестірушісі және директоры қызметтерін атқарды.

Алмина Сматова

Әкімгер-хатшы

Толығырақ

Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Ағылшын тілі мұғалімі», Тынышпаев атындағы Көлік және коммуникация университетін «Инженер құрылысшы »мамандығы бойынша тәмамдады.

Құрылыс компаниясында жұмыс істеу тәжірибиесі бар.

Сорос-Қазақстан Қорында 2013 жылдан бері жұмыс істейді.

Алия Шарипбаева

БАҚ бағдарламасының үйлестірушісі

Толығырақ

1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-н «Есептеу математикасы» мамандығы бойынша тәмамдады. Кәсіби қызметінің әр жылдарында «Караван», «Время» газеттерінде журналист, Сорос-Алматы заманауи өнер орталығында жобалардың үйлестірушісі, Ш.Айманов атындағы «Казахфильм» киностудиясында баспасөз қызметінің басшысы, USAID ұйымының Орталық Азия елдеріне азаматтық қоғамды дамыту бойынша бағдарламаларының қоғамдық байланыс жөніндегі үйлестірушісі қызметтерін атқарды.

Сорос-Қазақстан қорында 2016 жылдан бері қызмет атқарады.

Айнұр Шакенова

«Баршаға ашық қоғам» бастамасының үйлестірушісі

Толығырақ

Айнұр 2002 жылы Тұран университетінде құқықтану факультетін тәмамдады, ал 2012 жылы Сент-Луис (АҚШ) университетінде құқықтану бойынша магистр дәрежесін алып шықты.

Сорос-Қазақстан қорында 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. Эдмунд Маск бағдарламасының стипендиаты (2011-2012 жж, АҚШ).

Қасымхан Қаппаров

«Ашық экономика» бастамасының үйлестірушісі

Толығырақ

Қасымхан Қаппаров Халықаралық Ұлттық қорының шәкіртақылық бағдарламасы бойынша Йокогамо Ұлттық Университетінде МВА дәрежесін және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде экономика бойынша бакалавр және магистр дәрежелерін иемденді. Консалтинг, сарапшылық орталықтарда, үкіметтік мекемелерде және халықаралық компанияларда 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар.

Қаппаров мырза Сорос-Қазақстан қорының «Қоғамдық саясат» бастамасының түлегі. Сонымен қатар, ол Джордж Вашингтон университетінің (АҚШ) Орталық Азия бойынша бағдарламасының ғылыми қызметкері болды. 2017 жылы Қасымхан АҚШ-тағы «Жаһандық экономика» бастамасы аясындағы халықаралық көшбасшылық бағдарламасына Қазақстан атынан қатысты.

2017 жылдан бері Сорос-Қазақстан қорының «Ашық экономика» бастамасының үйлестірушісі қызметін атқарады.

Дамир Исламгулов

Ақпараттық технологиялар жөніндегі менеджер

Толығырақ