18/10/2013
Сорос-Қазақстан Қорының «Аман-саулық» ұйымы аясында қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдемесі
22/01/2013
Қазақстан Республикасы «Балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңының қабылдауына байланысты Сорос-Қазақстан қорының мәлімдемесі
04/03/2015

Халықаралық басқарма Қазақстан Өндіруші өнерсәсіптердің ашықтық бастамаларының (EITI) барлық талаптарына сейкес келетіндігін растады

2013 жылғы 18 қазан – Сорос-Қазақстан Қоры  Өндіруші өнеркәсіптің ашықтығы бастамасы (EITI/ӨӨАБ) Халықаралық басқармасының Қазақстан Республикасына осы бастамаға ізбасар ел мәртебесін беру туралы шешімін қуана қарсы алды.

Қазақстанның ӨӨАБ-на қосылған уақыттан өткен 8 жыл ішінде ҚР Үкіметі, өндіруші компаниялар және азаматтық қоғам ұйымдары Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесіне (МТҰК) бірігумен көптараптық диалогты ұйымдастыру мен өндіруші компаниялардың мемлекетке төлемдері туралы есептілігін жариялауда елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

ӨӨАБ-ның ұстанымдарына сүйену азаматтардың мемлекет органдарына деген сенімін нығайтады, табиғи ресурстарға бай елдерде табысты басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, іскерлік климатқа жағымды әсерін тигізеді және азаматтардың қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қол жеткізу құқығын жүзеге асырады.

Сорос-Қазақстан Қоры барлық мүдделі тараптарды жеткен жетістіктерде тоқтап қалмай, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда ӨӨАБ-ны әрі қарай дамытуды жалғастыруға шақырады.

Мәліметке арналған ақпарат:

ӨӨАБ (EITI) өндіру өнеркәсібі табысының ашықтығының халықаралық стандарты болып табылады. Бұл бастаманы жүзеге асыру табиғи ресурстарға бай елдердің үкіметтеріне өндіруші компаниялардың төлемдері туралы ақпаратты жариялауды ескереді. Артынша тәуелсіз үшінші тарап осы ақпаратты үкіметтер ұсынған табыс туралы деректермен салыстырады және қорытынды есепті жариялайды. Бұл ақпаратты жариялау шикізат секторынан түскен табысты басқару кезіндегі өз үкіметінің үлкен есептілігін қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы ӨӨАБ-на 2005 жылы қосылды. 2006 жылы осы бастаманы жүзеге асыру үшін ҚР Парламенті, сәйкесінше мемлекеттік орган, өндіруші компаниялар, сонымен қатар үкіметтік емес ұйым өкілдері кірген Мүдделі тараптардың Ұлттық кеңесі құрылды.

2004 жылдан бері Сорос-Қазақстан Қоры ӨӨАБ-ның Қазақстанда жүзеге асырылуын қолдайды және өндіруші компаниялардың Үкімет өкілдерімен және азаматтық қоғам ұйымдарымен белсенді түрде әрекеттеседі.