22/01/2013
Құқық қорғаушы Е.А. Жовтиске қатысты жасалған рақымшылыққа байланысты Сорос-Қазақстан Қорының мәлімдемесі
01/04/2012
Халықаралық басқарма Қазақстан Өндіруші өнерсәсіптердің ашықтық бастамаларының (EITI) барлық талаптарына сейкес келетіндігін растады
18/10/2013

Сорос-Қазақстан Қорының «Аман-саулық» ұйымы аясында қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдемесі

Сорос-Қазақстан қоры «Аман-саулық» ұйымы аясында қалыптасқан жағдайға байланысты өз алаңдаушылығын білдіреді.

2012 жылғы 19 желтоқсанда Қор кеңсесінде сәйкесінше қаулыны көрсетпей және куәгерлерді шақырмай тіркеу жүргізіліп, нәтижесінде оргтехника мен компьютерлер тәркіленіп, кеңсеге сүргі салынды. Соңғы төрт аптада ұйым қызметкерлері үй жағдайында жұмыс істеуге, азаматтарға кеңес беруге, әріптестері мен серіктестері алдындағы өз міндеттерін орындауға мәжбүр. Өкінішке орай, заңды пайдалануда талғамалы әдістің осы фактілері қоғамның Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне деген сенімсіздігін күшейте түседі.

Қазақстан Республикасы өзін құқық үстемдігін, заң үстемдігін, бәрінің заң мен тәуелсіз сот алдындағы теңдігін қамтамасыз ететін, адам құқықтары мен еркіндіктері кепілдендірілген әрі танылған демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады. Сорос-Қазақстан Қоры орын алған жәйттің ұйымның кәсіби қызметіне еш қатысы жоқ түсінбестік екендігіне және жақын маңда оң шешімін табатынына үміттенеді.

Сорос-Қазақстан Қоры 24 қаңтар күні Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында өтетін «Аман-саулық» ҚҚ-ның ҰҚК қызметкерлерінің лауазымдық қызметтерін асыра пайдалану туралы арызын қарау барысында ашықтық, бейтараптық пен әділдікді қамтамасыз етуге шақырады.

«Аман-саулык» қоры – 2007 жылдан бері денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдардың құқын қорғау саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйым. Сорос-Қазақстан Қоры «Аман-саулық» қорымен 2008 жылдан бері қызмет етеді. Осы жылдар ішінде денсаулық сақтау мәселесінде азаматтардың құқын қорғауға бағытталған шамамен 20 жоба аясынды жұмыс істеді.