17/09/2020
Беларусьтегі экономикалық фактор
15/08/2020
Қазақстандағы адами капитал: «ақылды адамдардың көшуін» қалай тоқтатуға және білім беру жүйесін қалай ретке келтіруге болады?
13/10/2020

«Адам құқығы: көк түстің 50 реңкі» – Artmeken Gallery мен Сорос-Қазақстан қорының жаңа көрмесі

2020 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында Artmeken Galleryде СоросҚазақстан қорының қолдауымен адам құқығына арналған «АДАМ ҚҰҚЫҒЫ: КӨК ТҮСТІҢ 50 РЕҢКІ» атты көрменің ашылуы өтеді.

Көрмеге Қазақстандағы адам құқығы тақырыбын кеңінен ашатын 9 отандық суретшінің  жұмысы қойылады. Туындылар түрлі техникада көрсетілген: бейне, керамика, сурет, фотосурет және мүсін.

Көрменің тәлімгері бұл жолы да танымал өнертанушы – Валерия Ибраева.

«2019 жыл «Оян, Қазақстан» деп аталып кеткен жастар қозғалысымен есте қалды. Қозғалыстың алғашқы көше акциясының бірі марафон кезінде ілінген «Шындықтан қашып құтыла алмайсың» атты жазуы бар баннер болды. Көше акциясынан бөлек, феминистік дискурс та жандана түсті. Бұл тақырыпты тереңінен әрі дәйекті түрде дамыта түскен суретшілер шықты. Екіжүзді мемлекетте суретшілер көп жағдайда тұспалдап сөйлеуге мәжбүр. Осы ретте Роман Захаров та кәріс тілін үйреніп жүріп, күнделік жазып жүр. Қағаз бетіне түрлі тақырыпты бейнелейтін иероглифтермен қатар, протестанттарды тұтқынға алу, түрмедегі оқиғалар, полицей қызметкерлерінің бассыздығы мен карантинді қалай өткергеніміз туралы күнделікті оқиғаларды да жазып қалдыруда», дейді тәлімгер.

 Аталған көрме Artmeken Gallery мен Сорос-Қазақстан қорының ортақ төртінші жобасы.

«Соңғы бірнеше жылдың ішінде біз Қазақстандағы адам құқығына қатысты бірқатар көркем жобаларға қолдау көрсеттік. Осындай жобалардың қазақстандықтардың жүрегінен қаншалықты орын алатынын білу біз үшін өте маңызды. Өйткені олар тақырыптың қаншалықты маңызды екенін, адамдарға қандай ой салатынын көрсетеді, – дейді Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрайымы Аида Айдарқұлова. «Аталған көрме үлкен өзгеріске ұшыраған, техникалық тұрғыдан алғанда күрделі көрмелердің бірі болды. Оған жастардың наразылық көңіл күйі, цензураны қатайту, әлемдік пандемия әсер еткені сөзсіз. Десек те бұл көрме 2020 жылы біз куә болған барлық жағдайларды, эмоцияларымызды көрсете білгеніне күмәнім жоқ».

Көрме 2020 жылдың 17 қыркүйек пен 21 қазан аралығында өтеді. Жұмыс уақыты сейсенбіден жексенбіге дейін 12.00-ден 19.00-ге дейін. Дүйсенбі – демалыс.

Көрмеге қатысу барысында санитарлық ережелерді сақтауларыңызды сұраймыз. Көрмеге бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Галереяға бір уақытта ең көп дегенде 7 адам кіре алады. ішінде 2 метр арақашықтықты сақтауларыңызды сұраймыз.