04/04/2019
Құпиялылық неліктен маңызды және «жасырудың қажеті жоқ» сөзіне неге  мән бермейміз?
03/03/2019
Жеке құпияңызды әшкерелеудің ойыңызға да келмеген бес әдісі
05/07/2019

Идентификация, кемсіту және сәйкестендіру мәселелері

Кімсің? Сәйкестік пен идентификация мәселелері

«Идентификация» – жеке және саяси күрделі мәселелерді қамтиды. Бұлар саяси-әлеуметтік, психологиялық және философиялық аспектілерге орай өзгеріп отырады. «Кімсің?» деген сауалға бірнеше түрлі жауап қатуға болады. Алайда олардың ешқайсысын да дәл осы жауап ең дұрысы дей алмаймыз, себебі олардың әрқайсысы ерекше тұжырымдалған, тіпті кейбірі аса даулы мәселелерді көрсететін жауап болып шықпақ.

Дегенмен, «сәйкестік» және ID идентификациясы туралы айта бастағанда көпшілігіміз «идентификация» терминін қолдап шыға келеміз. Бүгінгі таңда ID-дің бірнеше түрі бар: ламинатталған таңдаулы карточкадан бастап, микропроцессор орнатылған карточкаларға дейін кездеседі. Одан бөлек, ауқымды биометрикалық мәліметтер қорын енгізген нөмірден бастап, блокчейн жазбаларына дейін ұшырасады. ID қандай түрде кездессе де, идентификацияға қатысты даулы мәселелердің түйіні әлі де шешілген жоқ. Идентификация төңірегіндегі даулы талас-тартысқа ұласқан мәселелерді есепке алмағанда, бұл сала, негізінен, технократтық және әдістемелік бағытқа бет бұрған. Иә, «сәйкестікпен» тікелей байланысты өте күрделі мәселелерді де ұмыт қалдыруға болмайды. Кейбір жағдайларда идентификация мәселелері ID арқылы байқалып қалады.

ID-ге қатысты мәселелер негізгі тақырыптың бірі. Ол мәселелер азаматтық және жеке ұстанымға, идентификацияға тікелей байланысты. Адамдар өзінің әлденеге не болмаса әлдекімге сәйкес екенін қалай дәлелдейді? Мұндай «сәйкестіктер» өзгеруі мүмкін бе? Осы сауалдарға қатысты ID  ұсынған жауаптар біздің қоғамның негізін құрап, ондағы иерархияны нақты көрсетіп береді. Бір мысал келтірейік. Кімнің аты-жөні «дұрыс» немесе «елдің бәрінде кездеседі»? Не болмаса кімнің аты-жөні «қарапайым» не болмаса  жыныстық тұрғыдан сәйкес есім екенін қандай жолдармен байқауға болады? Бұл сауалдардың барлығы да қоғамның саяси ықпалын анықтайды. Маргинал жағдайда қалған жекеленген топтарды қатарынан шығарып тастайтын, бөлектейтін қауіп осындай сауалдардың дұрыс не бұрыс жауабына байланысты туындайды.

Мұның барлығы да ID-дің өзгерген сипаты негізінде пайда болған. ID үлкен жетістіктерге жету үшін немесе үлкен қызметтерді пайдалану үшін керек. Осылайша «сәйкестік» мәселесі күннен-күнге аса қажет әрі маңызды бола түспек. Дүниежүзінде идентификация мен «сәйкестік» қалай қызмет атқаратыны жайлы ойланып көрелік.

Сәйкестік философиясы

Сәйкестік мәселесінің бір мысалы ретінде сәйкестік пен идентификацияның күрделі әрі қитұрқы тұстарын атап өтпекпіз. Бұл жағдайлар философиялық көзқарас тұрғысынан ғасырлар бойы талқыланып келеді.

Тұлғалық сәйкестік идеясын көне дәуірлерден бері айтып жүр. Батыс дәстүрінде Платон заманында-ақ осы мәселемен шұғылданған еді. Алайда Джон Локк (1632–1704) қана алғашқы болып маңызды  мәселелердің бетін аша бастады. «Он жыл бұрынғы қалпымнан өзгердім бе?», «Он жылдан кейін осы қалпымда қаламын ба?» деген сауалдармен бірге ең қарапайым сауал «Мен кіммін?» деген сұрақ сол уақыттан бері біраз пікірталастың өзегіне айналды.

Ғасырлар бойы бұл сауалдың балама жауаптары пікірталастардың отына шоқ салып отырды. Бұл сауалдарға дене құрылымының өзгермейтінін негізге алып жауап беруге бола ма? Негізінде денем уақыт өткен сайын өзгеріп отырмай ма, денемдегі он жыл бұрынғы жасушалардың қазіргі кезде ізі де қалмаған есепке алмай-ақ, осы сауалдың жауабын таптық дей аламыз ба? Не болмаса  тұлғамыз бен естеліктеріміздің жалғастығы болып саналатын психологиялық ұйымдасу мазмұнын қаперге алсақ па екен? Мұндай жағдайда күрделі бас сүйек-ми зақымы бар адамдарды қай қатарға қосамыз? Олар біздің естеліктеріміздің, тұлғалық ерекшелігіміздің, тіпті сенімдеріміз бен тілектеріміздің өзгергенін білмейді ғой. Батыстан өзге елдердегі философияның бұл тақырыптағы көзқарасы тіптен басқа. Олар «тұлғалық сәйкестік» ұғымының өзін жоққа шығарады. Бұл мәселелермен философия ғана емес, биология мен нейробиология да шұғылданады. Нәтижесінде бұл мәселе әлі де пікірталастар тудырған және болашақта да тудыра бермек деген болжам жасаймыз.

Бұл пікірталастан мынандай қорытынды шығарамыз: жеке адамның өмірінде сәйкестіктің алар орны зор. Көп жағдайда «сәйкестік» тұлға негізінің ажырамас бір бөлігі болып есептеледі. Сәйкестік төңірегіндегі философиялық пікірталастардың әлі де толастамағанының бір себебі де осы шығар.

Ал идентификацияның мәселесі қандай? Ол адамның жеке тәжірибесі мәліметтермен қосақталатын аспектілерден байқалса керек. Бірақ бұл да күрделі жайт. Адамның ерекшелігін білдіретін бір ғана аспектіні қарастырайық. Ол адамның аты-жөні. Адамның аты-жөні арқылы мысал келтіруге тырысайық. Идентификация жүйесінің кез келген негізін аты-жөн құрайды және ол өте күрделі ұғым болып есептеледі.

 Аты-жөні дегеніміз не?

Адамның аты-жөні идентификация жүйесінде маңызды орын алады. Қалай дегенмен де бір-бірімізді анықтау үшін оның аты-жөнін пайдаланамыз ғой. Кім-кімнің де есімін уақытқа немесе мекенге байланысты қолданатымыз да белгілі. Кіммен сөйлесетінімізге байланысты бізді лақап атымызбен немесе атымыздың қысқарған нұсқасымен немесе ресми қарым қатынас жасағанда айтатын атымызбен (немесе ресми емес қарым қатынастағы есімімізбен) атап, танып жатады.

Идентификация жүйесі біздің бір ғана атымызды «ресми тіркелген есімімізді» біледі. Ол аты-жөн арқылы бізді адамдар, ең бастысы мемлекет таниды. Тарихшы Джеймс Скотт он төртінші ғасырдан бері Еуропада кең таралған аты-жөндер туралы жазады. «Мемлекет немесе шенді тұлғалар ел азаматтарының көпшілігін бірқалыпты идентификацияға бағыттауы үшін оларды ортақ аты-жөн иеленуге шақырды» дейді. Осылайша мемлекет азаматтарды оңай басқара алады. Идентификацияланған адамдарды басқарудың не қиындығы бар? Идентификацияланған адамдардан салық жинау мен заңды сақтауын қадағалау да оңайырақ. Ал Еуропа елдері отарларын жаулап алғанда бұл идея дүниежүзіне тарады.

Алайда аты-жөнді беру тәжірибесі ғаламшардың әр қиырында әртүрлі. Кейбір жерлерде адамның аты өмірінде бірнеше рет өзгереді. Мәселен, Еуропада әйелдер тұрмысқа шыққанда атын өзгертетін дәстүр бар. Тұрмысқа шыққанда есімін ауыстыру керек пе, жоқ па деген сауал әлі күнге де өзекті. Бұл мәселе отбасы мен сәйкестік тақырыбында да басты рөл ойнайды. Басқа бір мысал.  Байырғы америкалықтардың дәстүрінде, адамның бала шағынан қарттық орнаған кезіне дейінгі өмір кезеңінде есімі бірнеше мәрте ауысуы мүмкін. Одан бөлек, оның есімі өмірлік тәжірибесі немесе жетістіктеріне қарай да алмасып отырады. Адамның аты-жөні жағдайларға байланысты, лақап атқа орай, ресми қарым-қатынасқа қатысты да өзгереді. Джеймс Скотт дүниежүзінің әр еліндегі адамдар аты-жөнін жағдайлар мен өмір салтына қарай өзгертіп отыратынын айтады: «Әрбір есім дамудың әрбір сатысына байланысты, әлеуметтік ортасына немесе нақты бір әңгімелесушінің атауына қарай құбылып отырады. «Атың кім?» деген сауалға мұндай жағдайда «Атым мынаған байланысты мынандай…» деп қана жауап бере алады».

Ендеше қандай есімді «нағыз» аты-жөн деп атаймыз? Ресми тіркелген, құжаттарда хатталған, жеке куәлікте таңбаланған есім «нағыз» ат болмақ па? Немесе бұл айрықша жеке мәселе ме? Мәселен, кейбір мәдениеттердің ұстанымына сай, адамдар өзгелер біле бермейтін киелі есімге ие. Бәлкім сол киелі есім «нағыз» ат шығар? Құжаттарда хатталған, жеке куәлікте таңбаланған есім әртүрлі орындарда, әртүрлі жағдайларда түрлі мағына беріп, түсіндірілетінін ұмытпаған абзал.

Жеке тұлға, егер гендердік тұрғыдан сәйкес келмей қалса атын алмастыруға ұмтылады. Мәселен, трансгендерлер жынысын ауыстырған соң ресми құжаттардағы аты-жөнін ауыстыруға немесе сол қалпында қалдыруға құқылы. Кейбір елдерде аты-жөні мен жынысын құжат бойынша ауыстыру ұзақ уақытты алып, қымбатқа түсуі мүмкін. АҚШ-тағы трансгендерлер арасында 2015 жылы жүргізген сауалнама нәтижесіне сенсек, респонденттердің 11% ғана жеке құжатында жынысы мен аты-жөнін ресми өзгерткен екен. Мұндай жағдайлар эмоционалды, психологиялық және бюрократиялық тұрғыдан бірнеше мәселе туындатуы мүмкін. Бұл мәселелер әртүрлі мекемелерге, мәселен, ауруханаға немесе банкке барғанда анық байқалады.

Трансгендерлер де «бұрыс» есімдермен, олардың гендерлік сәйкестілігін ерекшелемейтін есімді алу жолында көп қиындықтарға кезігеді. Сәйкес емес есімді алып жүру тұлғаның жеке өмірін қиындатып, оның транссексулды мәртебесін айрықшалап, трансгендердің құқығына қол сұғуы мүмкін.

Халықты бақылау мен шектеу үшін есімдерді қолдану бұрыннан бар тәжірибе. Бұл тәжірибені отаршыл державалар қатаң бақылау орнату мен құдіретті билігін жүргізу үшін қолданған болатын. Мәселен, АҚШ-тың байырғы тұрғындарына қатысты «өркениетті» басқару миссиясы. Шамамен жиырмасыншы ғасырдың басында туыстық қарым-қатынастарды және өмір салтын өзгерту үшін мемлекет жеке тұлғаларға «дұрыс» немесе «сәйкес келетін» есімдерді күштеп таңа бастады. Канада үкіметі де осы жолмен жүріп, «инуиттердің есімі өте ұзақ және бір-біріне өте ұқсас болғандықтан, атау өте қиын» деп шешті де, олардың аты-жөнін өзгерте бастады. 1969 жылы олар инуиттерге арналған, еуропалық үлгідегі міндетті есімдер тізімін енгізді. Одан басқа, бұл өзгерістердің моральдық негізі де бар еді, ол аспекті инуиттердің мәдениетіне емес, еуропалық үлгідегі отбасы құрылымының идеясына негізделген болатын. Әрине, аттарын еуропаландыру арқылы инуиттерге өз есімдерін атамауға тиым салған жоқ. Негізінде екі есімді қатар алып жүруге рұқсат берді: бірінші есім мемлекет үшін, екіншісі отбасына арналған аты-жөн.

Адам қандай  атты таңдауы керек? Бұл жерде де бір мәселе айқын көрінеді. Ол мәселемен жергілікті америкалықтар ұшырасып отыр. Осы күні Facebook жалған қолданушылармен күресу үшін «шын аты-жөні» саясатын енгізді. Адамдар ендігіде «шын» аты-жөні қайсы, «бұрыс» аты қайсы – анықтап алуы креек. Ал жеке тұлғаның есімін растайтын құжаттарға келсек, Британдық Колумбияда, Канадада есімінде дефисі бар адамдар Британдық Колимбияда қолданылатын жаңа құжатқа сәйкес келмеді. Жеке куәлікте олардың аты-жөні «нағыз есімге» жатпайтын болып шықты. Кейбір аттар шаблонға «сай емес» болғандықтан, жарамсыз болып қалған.

Есімге қатысты кейбір тұжырымдар – аты-жөннің мағынасы, ұзақтығы, аты-жөнге жататын не жатпайтыны – карточкада жазсылса да, жазылмаса да мәліметтер базасында тізіліп тұр. Бұдан өзге де тұжырымдарға байланысты мынандай қорытынды шығарамыз: аты-жөн біреу ғана болады және ол ешқашан да өзгермеуі тиіс.

Есім және ID өзгермелілігі

Жоғарыда келтірген деректерден байқайтынымыз, сәйкестікте және құқықты шектеуде, саясатты қарастырғанда есімнің маңызы зор екен. Есімдер, идентификация мәселелері ұлғайып келеді және бұрыс қарым-қатынас пен қатігездіктің қайнар бұлағына айналуда.

Бұрындары кейбір адамдардың аты-жөнін қолданудағы мүмкіндіктері кең еді. Тіпті әртүрлі жағдайларда әртүрлі аттарды пайдалана алатын; мемлекет сізді іздеп тауып алатын «ресми тіркелген есім» жеке тұлғаның контекстік есімдерінің біреуі ғана болатын. Оны адамдардың мемлекетпен сирек қарым-қатынасының шектеулі бөлігі деп алсақ та болады. Кейбіреулерге бұл шектеулі қарым-қатынас қажет те шығар. Мәселен мемлекет адамға көп есімінің бірін ғана қолдануға мүмкіндік берді. Кейбір жағдайларда (мәселен, салық төлегенде) бір есімді, ал өзінің шағын ортасында болмысына сәйкес есімді пайдаланды.

Кейбіреулер үшін аты-жөндер тізбегі мемлекеттік бақылау үшін керек құрал. Сондай-ақ мемлекеттік биліктің саясатынан айналып өту үшін де керек болып жататын кездері бар. Мысалы, 1970 жылдары Танзания мемлекеті елдегі білім беру ісі баршаға бірдей болмауы керек деп есептеп, білім алу үшін мемлекеттік орта мектептерге барып жүрген белгілі бір этникалық топтардың өкілдеріне шектеу қоюға тырысты. Килиманджародағы білімді, бірақ бүлікшіл чагга этникалық топтары бұл шектеудің құрбанына айналды. Алайда, есімін ауыстырған олардың балалары бұрынғыдай мемлекеттік орта мектептерге барып, білім алуын жалғастыра берді. Мұндағы бар мәселе аты-жөнді ауыстыруға келіп тіреліп тұрған еді. Мектепке қабылданған кезде ұлттық, этникалық ерекшелігін білдіретін, тайпаларының сипаты болып есептелетін есімді жеке тұлғаның атына жалғамай-ақ, чагга балалары бәрібір білім ала берді. Мысалы, Рейчел Джон Кесси – Рейчел Джонға айналды. Осылайша мектепте оқығандардың ешқайсысы да балалардың этникалық тегін ажырата алмады. Бұл жағдайда сәйкестік мемлекеттік саясатты айналып өту үшін жасалды.

Олай болса ID-дің маңызы өзгермей ме? ID мәліметтерінің ауқымы және оларға қатысты мәселелер ұлғайғып келеді. Қазір ID көптеген жайттардың алдын-алу үшін қолданылады. Банк карточкасын ашқан кезде «өзіңнің тұтынушыңды біл» талабын қанағаттандыру үшін немесе қаржылық қызметтерді пайдаланған кезде, айырықша қызметтерге қол жеткізгіңіз келсе, қарым-қатынас жасау үшін сим-картаны тіркеген кезде (сол арқылы әлеуметтік және экономикалық өмірге араласу), сондай-ақ жеке бизнес үшін аты-жөніңізді айтуыңыз керек. Тұлғаны куәландыратын ресми құжатты пайдалану қажеттігі барлық салада көбейіп келеді. Демек, тұлғаны куәландыратын ресми құжатты керек ететін саланың аясы кеңи түсуде. Бұл мемлекеттік қызметкердің іш пыстырарлықтай жұмысы емес, ID-ді қолдану сіз туралы ақпарат өңделіп, тіркеліп, сақталып отыр дегенді білдіреді.

ID жазылған есім көптеген қызметтер тарапынан қаралып, сақталып, өңделеді. Құжатталған «ресми тіркелген есім» өмірдің көптеген салалары үшін өте маңызды. ID-дің мұндай кеңейген ауқымы мәліметтер құрылымының біртұтастығына байланысты туындайтын және өзге де мәселелердің де ұлғаятынын көрсетеді.

Адамдар мәлімет пе: жаңа технологиялар тудырған мәселелер

Мәселе жеке сәйкестікті қалай қарастыратынымыз бен оның күрделілігіне және жаңа технологияны қалай пайдаланатынымызға байланысты. Мәселен, блокчейн технологиясы негізінде идентификацияны анықтау мәселесі туындайды. Қылмыскерлердің бәрі пайдалануға ұмтылатын, сол үшін қарақшылық жолмен шабуылдауға тырысатын мемлекеттік мәліметтер базасындағы идентификация қызметін қауіпсіз дей алмаймыз.

Босқындарға қатысты әртүрлі заң шығарушы бастамаларды мысалға алсақ. Олар қызметтер мен тауарларға қолжетімді болу және босқындардың «сәйкестігін» білдіру үшін блокчейнге негізделген технологияларды қолданады. Әрине, жүйелер бір-бірінен өзгешеленуі мүмкін. Блокчейн технологиясының бір ерекшелігі ол өзгеріссіз, демек оны еш өзгерте алмайсыз. Онымен қоса идентификация жеке тұлғаның бүкіл ғұмыр бойғы өзгерістерін: үйленгенін, ажырасқанын, атының ауысқанын – барлығын көрсетіп береді. Мұндай өзгерістердің барлығы да блокчейнде көрініп тұратыны анық.

Осылайша блокчейннің өзгермейтін құрылысы идентификация жүйесін жасақтауда қиындыққа ұрынады. Адамдар өзінің ерекшелігі болып саналатын аты-жөнін өзгерту  де – ақпарат. Мұндай ақпаратты біліп отырғандар тұлғаға қауіп төндіріп, зорлық-зомбылық жасауы мүмкін. Мысалы, біз қоғам ретінде ел аумағында кемсітуге ұшырамас үшін идентифакациясын өзгерткен адамдарды қорғайтынымызға сенімді болғымыз келеді. Кең ауқымда қарастырсақ, тұлғаның бақылауға алатын ерекшелігін ұғынуға тырысуымыз керек. Жеке тұлғада бір ғана сәйкестік бар. Ол онымен ғұмыр бойы бірге өмір сүреді. Ол сәйкестік күрделілік пен жеңілдіктерге, жағдайға да қарамайды.

Қорытынды

Мұндай мәселелерді қалай шешеміз? Адамды бір жағынан ерекшелейтін, ал екінші жағынан сәйкестендіретін дүние не? Мұның айырмасын түсіндіріп беретін жүйе қалай жұмыс істеуі керек?

Заң кейбір тұстарды жұмсартуы мүмкін. Мәліметтерді сақтаудың қатаң жүйесі кейбір жағдайда қорғаныш болатын да шығар. Сондай-ақ идентификация жүйесінің кез келген мәліметіне де қалқан  болуы керек. Мұнда маңызды аспект трансгендер немесе өзге де топтардың құқықтарын сақтау нормаларына сай келуі тиіс. Көптеген жағдайларда ID жобасы өмірге қажет заңдарсыз өмір сүріп келеді. Мәселен, Филиппинде әлдекім өзінің жынысын өзгертуге құқығы жоқ болса да, тұлғаны куәландыратын жаңа құжат жасауына болады. Мұндай қорғанышсыз трансгендерлер кемсітуге, қорлыққа тіпті зорлыққа тап болмақ. Идентификация жүйесін енгізбес бұрын, алдымен қорғаныш құралын ойлап табу керек. Мәселен, Аргентинада жыныстық сәйкестік туралы Заң бойынша, адам өзінің тіркелген аты мен жынысын оңай өзгерте алады, сонымен қоса тұлғаны куәландыратын құжатты да алмастыруға құқылы. Зерттеулер көрсеткендей, бұл өзгерістер адамдарға дәрігерлер мен полицияға құжатын көрсетуде де әсер етеді.

 «Мәліметтер» мен «сәйкестік» түйіні шешілмеген мәселе: сәйкестік мәселесіне келгенде адамдардың әртектілігін толық ұғыну үшін оны блоктағысы келетін кез келген жүйе белгілі бір жағдайда құриды. Өзгеріс – ұдайы қозғалыс, «сәйкестіктің» контекстік мағынасы бірден көзге түспейді. Өзгерісті цифрлы жүйеде көрсету мүмкін емес, ол бүгінгінің мәселесі деуге де болады. Өкінішке қарай, жетілмеген жүйенің кемістігі болады, ол кемістік ұрпақтан-ұрпаққа ауысады.

Осылайша сәйкестік мәселесінде абай болуымыз керек. Мәліметтердің көп бөлігін өңдеуді талап ететін  жүйені мойындамасқа амал жоқ. Мұның шешімін табу үшін күллі ұлтты тіпті күллі адамзатты қамтитын алып жүйе құру міндетті емес. Сәйкестікті бұдан да нәзік мәселелерде қолданған дұрыс болар. Жүйе сәйкестікті шектеулі жадыда ұдайы сақтай алмайтынын, бір ғана жүйе барлық сұрақтың жауабын таппайтынын ұқсақ керек.