11/12/2015
Азаматтардың қатысуын ілгерілету бағытында: Қазақстанда әлеуметтік аудитті ендіру
11/12/2015
«Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы: 2015 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері
19/02/2016

Астанада «Терроризмге қарсы күрес» тақырыбы бойынша Халықаралық жастар форумы өтеді.

Астана, 10 желтоқсан 2015 ж– Қазақ гуманитарлық-заң университеті Сорос-Қазақстан Қоры және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар басқармасының қолдауымен «Терроризмге қарсы күрес жағдайында адам құқықтарын қорғау» атты  Халықаралық  заңнамалық жастар форумын өткізеді. Форум жыл сайын 10 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік Адам құқықтары күніне арналған. Форумның мақсаты лаңкестікке қарсы күресте қазіргі қиындықтарға қарсы тұруға қабілетті жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылау болып табылады.

«Терроризмге қарсы күресте әр түрлі мемлекеттер өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жиі жүгінеді және осы тәжірибе оны теріс пайдалануға алып келуі мүмкін», – дейді Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев. «Қауіпсіздік және адам құқықтары арасындағы таңдау негізінен жасанды болып табылады. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау жаһандық терроризм мен экстремизмге қарсы тиімді іс-қимыл негізі болып табылады. Форум осы мәселелерді көрсетуге бағытталған».

Форум аясында Бас прокуратура сарапшыларының, Парламент депутаттарының,  Қазақстан және шетелдің жетекші ғалымдары қатысуымен панелдік пікірталас өтеді. Олар терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизмге қарсылық жағдайында адам құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелер мен механизмдері, сондай-ақ, лаңкестікке әкелетін радикалдануды талқылайды.

Форум Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің түрлі қалаларынан лаңкестікпен күрес дәуіріндегі адам құқықтары тақырыбы бойынша эссе байқауына және Ұлттық студенттік дебат турниріне қатысуға  200-ден астам студенттер тартуды жоспарлауда.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі тұлғаларға хабарласа аласыздар:

Айнель Қайназарова, Сорос-Қазақстан қорының Қоғаммен байланыс жөніндегі маманы: 8 777 244 7763, akainazarova@soros.kz

Айжан Ошақбаева, Сорос-Қазақстан Қоры «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі :

+7 771 765 15 68, aoshakbayeva@soros.kz

Адам құқықтары күні

Адам құқықтары күні  жыл сайын 10 желтоқсан күні халықаралық деңгейде атап өтіледі. Бұл күні 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады.

Ең алғаш рет Адам құқықтары күні 1950 жылы, Бас Ассамблея барлық мемлекеттер мен ұйымдардың басын қосуға шақырған 423 (V) қарарын қабылдап, Адам құқықтары күнін 10 желтоқсан деп белгілеген күннен, атап өтіле бастады.

СОРОС-ҚАЗАҚСТАН  ҚОРЫ

«Сорос-Қазақстан Қоры» (СҚҚ) – 1995 жылы «Ашық қоғам» институты құрған қазақстандық  үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы. Қордың миссиясы – Қазақстандағы ашық қоғамның құндылықтарын ілгерілету.

«Адам құқықтары»  бағдарламасы туралы

Бағдарлама мақсаты: Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау шараларын қолдау мен ілгерілету.

«Адам құқықтары» бағдарламасы Сорос-Қазақстан Қорының  «Құқықтық реформа» (1996-2013) бағдарламасының  ізбасары болып табылады. Қор және «Адам құқықтары» бағдарламасы жөнінде толық ақпаратты мына мекенжай арқылы ала аласыз: www.soros.kz