19/02/2016
Астанада «Терроризмге қарсы күрес» тақырыбы бойынша Халықаралық жастар форумы өтеді.
11/12/2015
Республикалық және жергілікті бюджеттер азаматтар үшін одан сайын ашық әрі түсінікті болуда
29/02/2016

«Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы: 2015 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері

АСТАНА, 2016 жылдың 19 ақпаны – «Ангел» Қоғамдық бірлестігі 2015 жылы Қазақстанның бес облысында, атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарында «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелерін таныстырмақ.  Қоғамдық мониторинг Сорос Қазақстан Қорының қолдау көрсетуімен «Айқындық және есептілік» бағдарламасы аясында өткізілді.

Жоба ауылдық елдімекендердегі су құбырларын салу және қайта құрастыру қызметтерінің сапасын жақсартуға, қоғамдық мониторинг тетіктерін жолға қоюға, қоғамдық бағалау мәдениетін дамытуға, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық оқиғаларын алдын алуға, сарапшылардың әлеуетін нығайтуға және Қазақстанның басқа өңірлерінде қоғамдық бақылау жүргізудің алғышарттарын жасауға бағытталған.

«Жоба 2012 жылы Ақмола облысында бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жасаудан басталды. Ал қазір қолданылатын әдістердің тиімділігінің арқасында жобаға қатысатын облыстардың саны беске дейін ұлғайтылды. «Ақбұлақ» бағдарламасының үлгісінде игерілген тетіктерді басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қолдануға болатындығы бізді аса қуантады», – деп атап өтті Сорос Қазақстан Қорының қоғамдық байланыстар жөніндегі үйлестірушісі Әйнел Қайназарова.

«Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы «Аймақтарды дамыту-2020» бағдарламасына кіреді. Сондықтан осы кезеңде оның қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанын анықтау біз үшін аса маңызды болды», – дейді «Ангел» ҚБ директоры Людмила Петрова. – «Бюджеттік қаржының қолданылу тиімділігін бағалауға арналған құрал ретінде қоғамдық мониторингтің мемлекет үшін де, халық үшін де маңыздылығы жоғары. Қоғамдық мониторингтің арқасында азаматтардың мемлекеттік бағдарламаларды бағалауға атсалысу деңгейі артып, бұл мемлекеттің көрсететін қызметтерінің сапасын  көтеруге жағдай жасап отыр».

Қазіргі таңда қоғамдық мониторинг үйлестірушілері барлық өңірлердегі облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктермен, мәслихаттармен, мемлекеттік мекемелермен, яғни  су құбырларын салуға тапсырыс берушілермен және мердігерлік ұйымдармен ынтымақтастық туралы он бестен аса мәміле жасасты. www.ompp.kz сайтының және де Фэйсбуктегі топтың (https://www.facebook.com/groups/863746550366483/) қызметі де белсенді жүргізілуде.

2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасының мақсаты бірінші кезекте халықты сапалы ауызсумен және су тарту қызметтерімен қамтамасыз етуді көздейтінін еске саламыз. Бағдарламаның бірінші кезеңі 2011-2015 жылдарға арналды. 2015 жылдың қаңтарынан бастап «Ақбұлақ» «Аймақтарды дамыту» бағдарламасына енгізілді. 2011 жылдан бастап «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға 335 миллиардтан аса теңге бөлінді.

Барлық қосымша сауалдарыңызды келесі тұлғаларға жолдауыңызға болады:

Людмила Петрова, жоба үйлестірушісі, «Ангел» ҚБ директоры

тел/факс: 8(71643) 5 61 43, ұялы т. 8 701 524 54 29, e-mail:  ngoangel@mail.ru

Әйнел Қайназарова, СҚҚ қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі

тел.: +7 (727) 258 13 54, ұялы т.: 8 777 244 77 63, e-mail: akainazarova@soros.kz