07/06/2013
Қысқаметражды әлеуметтік кино байқауының қорытындысы
04/06/2013
“1937: Есте сақтау алаңы | Жоқтау” арт-жобасы
10/06/2013

Ақиқаттардың өзара тұтасуы

 2013 жылғы 11 маусымда Алматыда сағат 17.00-де «Тенгри Умай» галереясында Сорос-Қазақстан қорының (СҚҚ) қаржылық қолдауымен ұйымдастырылған «Ақиқаттардың өзара тұтасуы» бірегей фотосуреттер көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Көрменің мақсаты – қоғамға елдің бұрынғы сәулеттік бейнесінде орын алған және қазіргі кезде орын алып жатқан өзгерістерді көрсету, оның бүгінгі күн үшін маңыздылығын бағалау. Осы мақсатта қалалардың орасан зор фактологиялық материалы көрсетілетін болады, мұнда республикалық және өлкетану мұражайларында сақтаулы тұрған, көрме авторының еліміздің әр бұрышынан жинап әкелген мұрағаттық фотосуреттер, ғимараттардың суреттемелері мен жол жазбалары қамтылады.

Материалды жинау барысында Қазақстан бойынша 18426 км қашықтыққа 38 күндік сапар жасалды. Фотосуреттерді өңдеу процесі 8 айға созылды. Нәтижесінде көрмеде коллаж және бейнелерді бір-бірімен қабаттастыру техникасы бойынша орындалған 117 еңбек ұсынылды.

«Ескі және жаңа фотосуретті бір қағазда біріктіру аса қиынға соғады. Ең қиыны ескі фотосуретте бейнеленген ғимаратты не көшелердің қиылысын іздеп табу болды. Мұражай қызметкерлері картадағы керекті жерді әрдайым дөп басып көрсете алмайтын, ал өткен-кеткендер көбіне көшелердің ескі атауларын білмейтін. Ғимаратты тауып алғанның өзінде оны тиісті қырынан суретке түсіріп алу тек істің жартысы ғана болатын – техника мүмкіндіктерінің әртүрлі болуы толығымен бірдей болатын фотосуреттерді шығаруға мүмкіндік бермейді. Бұл жобаны тек барлық заманауи компьютерлік таңғажайыптар ғана мүмкін етті», – деп әңгімелейді көрменің авторы Илья Мартынов.

Ерекше көрме сәулетшілердің, суретшілер мен дизайнерлердің үлкен қызығушылығын тудырды. Көрменің ашылу салтанатына Алексей Ивженко (сәулетші), Тимур Актаев (сәулетші, дизайнер, суретші), Сергей Мартемьянов (Алматы Сәулетшілер одағы  басқармасының төрағасы), және Бекзат Аманжол (сәулетші), Райхан Ерғалиева ҚТМЕҚҚ (Қазақ Тарихи және Мәдениет Ескерткіштерін Қорғау қоғамы) ғылыми хатшысы қатысады.

Көрме 2 аптаға созылады, барлық келем деушілер үшін есік ашық. Көрменің сайты: http://www.2reality.kz