04/06/2013
Алматы қаласында IV Орталық Азиядағы Интернет форум өтеді
21/05/2013
Ақиқаттардың өзара тұтасуы
07/06/2013

Қысқаметражды әлеуметтік кино байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры “Жастар бастамалары” бағдарламасы қызметінің шеңберінде биыл көктемде 18 және 35 жас аралығындағы жеке тұлғалардың арасында қазақ тілінде қысқаметражды кино (әлеуметтік, ойындық, деректі не анимациялық) түсіруге байқау жариялаған болатын.

Аталмыш байқауға Қазақстанның барлық қалаларынан 42 өтінім келіп түсті. Жастар бастамалары бағдарламасының Сарапшылар Комитеті байқаудың жартылай финалына 6 өтінушіні таңдады, олардың ішінде 2 ғана жеңімпаз атанатын болады. Жартылай финалға шыққандардың барлығы қосымша материалдар ұсынатын болады. Жартылай финалистер:

1. Мұрзалинова-Яковлева Салтанат Оңғарбекова – «Мені қолымнан ұста» өтінімі.

2. Хлащева Ольга Дмитриевна – «Сот орындаушысы» өтінімі.

3. Шибанов Эльдар Дәулетұлы  – «Елес» өтінімі.

4. Түлебаева Айжан Маратқызы – «Мемлекеттік қызмет» өтінімі.

5. Ғалымжанова Сания Таирқызы –«Тіркеу бәйтерегі» өтінімі.

6. Суворова Катерина Александровна – «Жаңашыл белсенділік» өтінімі.

«Жастар бастамалары» бағдарламасының қызметкерлері мен Сарапшылар Комитеті байқаудың барлық қатысушыларына өзінің алғысын білдіреді және оларға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен жаңа қызықты идеялар тілейді!