25/11/2015
Ашық қоғамға қарай: Сорос-Қазақстан қорының қызметіне 20 жыл
02/11/2015
Азаматтардың қатысуын ілгерілету бағытында: Қазақстанда әлеуметтік аудитті ендіру
11/12/2015

Ашық үкіметке қадам: «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң

Қазақстандық қоғамдық ұйымдардың және халықаралық ұйымдардың өкілдіктері Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ашық Үкімет» Серіктестігі» (OGP) атты халықаралық бастамаға қосылу туралы бастамасын қолдауға дайын. Бұл туралы бірқатар ұйымдардың өкілдері  бүгін Алматы қаласында Сорос-Қазақстан Қорының қолдау көрсетуімен өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

Спикерлердің барлығы Қазақстанның аталған бастамаға қосылуы қаншалықты маңызды екенін атап өтті. «Ашық Үкімет» Серіктестігіне» (OGP) мүше болу Қазақстанға өз үкіметінің басқару тиімділігін, қызметінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік беріп, шешімдерді қабылдау барысында азаматтардың атсалысу аясын кеңейтпек.

«Біз «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның Қазақстанда қабылданып отырғанғанын құптаймыз. Бұл – алға қарай жетелейтін үлкен қадам. Аталған заң мемлекеттік басқару институттарының барлығының, сот жүйесінің, жергілікті атқарушы билік пен өкілдік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің есеп беру міндеттілігін және қызметтерінің айқындығын қадағалайтын тиімді құралға айналуы мүмкін. Сонымен бірге, ақпараттың ашықтығын  және қолжетімділігін қамтамасыз ету – сыбайлас жемқорлықты емдеудің бірден-бір жолы. Сондықтан осы заңды жүзеге асыру жемқорлықпен байланысты заң бұзушылықтарды анықтап, журналистік тергеулерді жүргізуге жағдай жасайды деп үміттенеміз», – деп пікірін білдірді Қазақстандағы InternewsNetwork өкілдігінің директоры Ержан Сүлейменов.

«Қазақстанның бюджет ашықтығының индексі 2012 жылдағы 48 балдан 2015 жылы 51 балға дейін көтерілді. Дегенмен, бұл алуға болатын 100 балдың тек жартысы ғана болғандықтан, елімізде бюджет үрдісіндегі айқындық әлі жеткіліксіз деңгейде екенін көрсетеді. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның қабылданғаны бюджеттік ақпараттың ашықтығымен байланысты жағдайды айтарлықтай жақсартуі тиіс, ал еліміздің  «Ашық Үкімет» Серіктестігіне қатысуы мемлекетті басқарудың тиімділігі мен айқындығын арттыруға мүмкіндік жасамақ», – деп мәлімдеді Қазақстанның Ұлттық бюджет желісінің мүшесі Әсел Қырықбаева.

«OGP бастамасына қосылу үшін ең аз қажетті талаптар қойылады, олар: ақпараттың айқындығы, қолжетімділігі, оның ішінде билікке сайланған немесе жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқаратын тұлғалардың мүлкі, табысы, жұмсайтын шығындары туралы ақпаратты ашып көрсету, сондай-ақ, биліктің қабылдайтын шешімдеріне азаматтарды атсалыстыру. Таяуда ҚР Парламентінің Қазақстанда «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» және «Қоғамдық кеңестер туралы» үш негізгі заңды қабылдауы нәтижесінде біздің ел OGP бастамасының жоғарыда аталған ең төменгі талаптарының барлығына жауап беріп отыр. Осыған орай азаматтық қоғам ұйымдарының бірсыпырасы «Ашық Үкімет» Серіктестігі» халықаралық бастамасына қосылу кезінде ҚР Үкіметіне көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін білдіреді», – деп атап өтті Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) директорының орынбасары Татьяна Зинович.

Спикерлер мүделлі қоғамдық және халықаралық ұйымдардың барлығын «Ашық Үкімет» форумына қосылып, Қазақстанның осы бастамаға тезірек қосылуына жағдай жасау үшін бірлесе жұмыс жүргізуге шақырды. Форум Қазақстанның OGP серіктестігіне қосылу туралы қоғамдық қозғалысына бастама беру мақсатында 2013 жылы ұйымдастырылған болатын. Қазіргі күні Бастамашылық топтың құрамына 15-ке жуық ұйым кіріп отыр.

«Ашық Үкімет» Серіктестігі (OpenGovernmentPartnership, OGP) мемлекеттің басқару жүйесін жақсартуға бағытталған халықаралық бастама екенін еске саламыз. Қозғалысқа қосылудың арқасында азаматтардың білдірген үміттеріне жауап беріп, оларға сәйкес әрекет ететін қызметі айқын, тиімді және есеп беруге міндеттелген үкіметті құру үшін алғышарт жасалады. Ресми тұрғыда алғанда OGP 2011 жылдың 20 қыркүйегінде іске қосылды. Сол уақытта оған құрылтайшы елдердің 8 үкіметі (Ұлыбритания, Құрама штаттар, Бразилия, Индонезия, Мексика, Норвегия, Филиппин, Оңтүстік Африка) кездесу аясында бас қосып, Ашық Үкімет Декларациясына (OpenGovernmentDeclaration) қол қойып, Бірлескен әрекеттер жоспарын қабылдағаны туралы хабарлады. 2011 жылдың қыркүйегінде Серіктестікке тағы 47 мемлекет қосылды, оның ішінде Армения, Грузия, Молдова, Украина елдері бар. Әзірбайжан, Ресей, Моңғолия мемлекеттері бастамаға қосылу үстінде.