02/11/2015
Қазақстанда паллиативтік көмекке 98 мыңға жуық адам мұқтаж
21/10/2015
Ашық үкіметке қадам: «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң
25/11/2015

Ашық қоғамға қарай: Сорос-Қазақстан қорының қызметіне 20 жыл

Алматы, 2015ж., 2 қараша  1995 жылы «Ашық қоғам» институты қолдауымен құрылған, қазақстандық үкіметтік емес ұйым болып табылатын Сорос-Қазақстан қоры өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт аралығында Қор теңдік, әділдік, адам құқықтарының сақталуы, мемлекеттік қаржының ашықтығы, толеранттылықты арттыру және азаматтық қоғамды қалыптастыру сынды қағидаларды алға жылжыту жолында $70 млн-нан астам қаражат бөлді.

«Бұл – ерекше 20 жыл болды. Қор қолдауымен серіктестеріміз түрлі салаларда айтарлықтай өзгерістерге қол жеткізді. Біз паллиативтік көмек, инклюзивтік білім, ювеналдық юстицияны   еңгізу, өндіруші салалардың ашықтық бастамасына қосылуы, сонымен қатар, бюджеттік ашықтық пен есептілікті арттыру саласындағы ортақ жетістіктерімізді мақтан тұтамыз», – деп атап өтті  Антон Артемьев, Сорос-Қазақстан қорының Басқармасының Төрағасы.  

«Ашық қоғам» Қорларының Еуразия бойынша аймақтық директоры Леонард Бенардо сөз басында Джордж Соростың Қор Қамқоршылар кеңесіне, қызметкерлері мен серіктестеріне жіберген құттықтауы мен Қазақстанда ашық қоғам жолында одан әрі жетістіктерге жету тілегін жеткізді.

«Өз қызметі барысында Сорос-Қазақстан қоры үкімет және жеке сектор тарапынан қолдау тапқан бірқатар сәтті бастамалардың басында тұрды», – деді Леонард Бенардо. «Қазіргі уақытта Қор өз алдына Қазақстанның  мықты, заманауи және либералды мемлекет болуына септігін тигізетін бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатын қойып отыр».

«Ұйымымыз 20 жылдық қызметі барысында бірқатар стратегиялық өзгерістерге ұшырады. Бастапқы бағдарламаларымыз еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдары орын алған саяси және экономикалық реформалардың қиындықтарын жеңуге көмектесуге бағытталды. Жаңа ғасырдың басында ашықтық, есептілікті және лайықты басқаруды дамытатын бағдарламалар пайда болды», – дейді Қордың Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Наргис Қасенова.  «Бүгінде әлем бойынша ашық қоғам үшін оңай емес кезең басталды. Сондықтан біз бүгінде ашық қоғам құндылықтарын қорғау, алға жылжыту және отандастарымыздың арасында танымалдығын арттыруды өз міндетіміз деп білеміз».

Қорды 20 жылдығымен құттықтауға мемлекеттік құрылым өкілдері, атап айтқанда Сыртқы істер Министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлеймен, халықаралық ұйым өкілдері, қазақстандық үкіметтік емес ұйым қатарынан серіктестер, сарапшылар, журналистер мен мәдениет қайраткерлері келді.

АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ:

Қордың 20 жылдық қызметінде шамамен 2000 студент әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алды. Түрлі саладағы жетпіс дәрігер Австриядағы Зальцбург семинарларында біліктіліктерін арттырды, 120 маман паллиативтік көмек бойынша оқудан өтті. Қор Дидар Амантай, Таласбек Асемқұлов, Айгүл Кемелбаева, Илья Одегов, Николай Веревочкин және Ербол Жұмағұлов сынды жазушылардың кітаптарының жариялануына көмектесті. Қор және оның серіктестерінің қолдауымен Қазақстан 2005 жылы Өндіршу салалардың ашықтық бастамасына (ӨСАБ) қосылып, 2013 жылы ӨСАБ-ның ізбасар-елі мәртебесін алды. Сорос-Қазақстан қоры  жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытындағы талпынысын 1996 жылдан бастап қолдап келеді және Үкімет өзінің орталықсыздандыру бойынша бастамаларын өрістеткен сайын қолдау көрсетуін жалғастыра береді.

Әр уақытта қор қолдауымен Қазіргі заманғы өнер орталығы, Еріктілер үйі, “Step by Step” білім беру орталығы, Ұлттық дебат орталығы, Тілдік мектеп, Демократиялық білім беру орталығы,  «БIЛIM-Орталық Азия» білім беру орталығы құрылды. Астана, Қарағанды, Шымкент және Ақтөбеде ақпараттық орталықтар әрекет етті.

1990 жылы СҚҚ «Тоғысқан тағдырлар» атты жаңа отандық телехиқаяны қолдаса, 2014 жылы Әділхан Ержановтың «Құрылысшылар», Глеб Пономаревтың «5 000 теңге», Эльдар Шибановтың «Елес» және Салтанат Мурзалинова-Яковлеваның «Қолымнан ұста» атты қысқаметражды фильмдеріне қолдау көрсетті.

Бүгінде СҚҚ БАҚ-тың дамуы, мемлекеттік қаржының ашықтығы мен есептілігі, адам құқықтары, жастар бастамалары, Қазақстанда қоғамдық саясат саласының дамуы, менталдық бұзушылықтары бар адамдардың құқын қорғау, сонымен қатар жергілікті деңгейде ашықтық пен есептіліктің үздік тәжірибелерін қалыптастыру бағыттарында жұмыс істейді.

Қор жобалары бойынша толық ақпаратты қор сайтынан ала аласыздар www.soros.kz