09/06/2016
Қазақстан Республикасында денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдарға баламалы қызметтерді дамыту және әлеуметтік интеграциялау келешектері
31/05/2016
Алматы қаласының жылы шырайлы және қауіпсіз хайуанаттар саябағы
17/06/2016

Қоғамдық кеңестер: шешімдерді қабылдау үдерістеріне нақты әсер ету мүмкіндігі

Үкіметтік емес сектордың сарапшылары жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер жұмысының тиімділігі мен ашықтығын кеңес мүшелерінің әлеуетін көтеру және ақпараттандырудың жаңа механизмдерін енгізу жолымен арттыру қажеттілігін алға тартады.

АТЫРАУ, 2016 жылғы 10 маусым – «Қазақстанның тәуелсіз буыны» қоғамдық бірлестігі Сорос-Қазақстан Қорының «Жергілікті бюджет» бастамасының қолдауымен «Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер қызметінің тиімділігіне ықпалдасу» жобасы аясында «Тиімді мемлекеттік басқарудың заманауи стратегиясы: ақпаратқа қолжетімділік, есептілік, ашықтық» атты семинар өткізеді. Семинарға Атырау облысының қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудандық қоғамдық кеңестердің төрағалары мен хатшылары қатысады.

2015 жылдың қарашасында қоғамдық кеңестер туралы жаңа Заң қабылданды. Заң халық алдында есепті мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдерді қабылдауына қоғамдық институттардың және азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық кеңестердің рөлін күшейтуге қатысты Ұлт Жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамын орындауға бағытталған.

Қоғамдық кеңестер жергілікті деңгейде үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың бастамасымен қайта құрылуда. Тұрақтылық жергілікті тұрғындардың және ҮЕҰ бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асырудағы жоғарғы қызығушылығының және жергілікті органдардың әлеуметтік шиеленісті төмендетудегі жоғарғы ынтасының есебінен қамтамасыз етіледі деп жоспарланады, сонымен қатар маңызды компоненттердің бірі ретінде аумақтарды, мемлекеттік органдарды дамытудың жоспарларын талқылау болады.

«Қоғамдық кеңестердің мүшелері бюджеттік талдау, мониторинг,  бюджеттік бағдарламаларды және жобаларды бағалау, халықты бұл үдерістерге қатысуға ынталандыру  мәселелерінде қажетті білімге және біліктілікке ие болуы керек. Өткені, Атырау облысының тұрғындары аймақтың дамуындағы мақсаттар мен басымдылықтарды туралы хабар болуы қоғамдық кеңестердің тиімділігі жұмысына байланысты. Бұл өте маңызды аспект болып табылады», – деп атап өтті Асқар Көшкінбаев, Сорос-Қазақстан Қорының «Жергілікті бюджет» бастамасының үйлестірушісі.

«Жаңа заңды және үлгілік ережені қабылдағаннан кейін аталған бастамаларды тиімді орындау үшін жергілікті денгейдегі хатшылықтарға және кеңес мүшелеріне қолдау және білімідерін жетілдіру қажет» – дейді Ұлықбек Тналиев, жоба жетекшісі. «Семинар барысында қатысушылар, алдағы уақытта ұсыныстарды әзірлеу мақсатында, қоғамдық кеңестер қызметін ұйымдастырудың тәжірибелік мәселелерін және заңнамалық аспектілерді талқылайды».

Жоба аясында кеңес мүшелері үшін семинар тренинг және БАҚ-мен қарым-қатынас жөніндегі тренинг, қолданбалы бюджеттік талдау, бюджеттік бағдарламалар мен жобаларға мониторинг жүргізу және бағалау жөніндегі тренинг жоспарланады. Одан бөлек Атырау облысының қоғамдық кеңесінің веб-сайты kogamkenes-atyrau.kz жасақталды, онда кеңестің қызметі, мүшелері туралы ақпарат және Атырау облысының тұрғындарына басқа өзекті ақпарат жарияланады.

Қазақстанның тәуелсіз буынықоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы060000Атырау қ.Азаттық көш., 42, N12 кеңсе;

тел: 32-71-77; ұялы тел.: 8-701-525-75-40; Эл.поштаindependentgeneration@gmail.com