17/06/2016
Қоғамдық кеңестер: шешімдерді қабылдау үдерістеріне нақты әсер ету мүмкіндігі
09/06/2016
Алматы қаласында «Алақай! Алақай! Музейде Балақай!» жобасының ашылуы
27/06/2016

Алматы қаласының жылы шырайлы және қауіпсіз хайуанаттар саябағы

18 маусым күні, сағат 11:00 мен 15:00  аралығында «Алматы қаласының жылы шырайлы және қауіпсіз хайуанаттар саябағы» атты  №3 Қалалық Хакатоны  өтеді.

Бұл хайуанаттар саябағы Алматы қаласының ең көрікті жерлерінің бірі болып саналады. Шараның ең басты мақсаты – Алматы қаласының жануарлар саябағын көпішілік үшін жылы шырайлы ету.

Қалалық хакатон қатысушылары, топтарға бөліну арқылы, хайуанаттар саябағының өмірін жақсарту жөніндегі идеяларын немесе  прототиптерін жүзеге асыру жобаларын дайындайды.

Аталмыш шаралар арқылы хайуанаттар бағының жағдайын жақсарту болып табылады. Мәселен, ғылыми жұмыстарды қалпына келтіру,  үйірмелер құру. Сондай-ақ  «Жас натуралистер», «ЗОО суретші» және де жануарлар саябағы бойынша экскурсия жасау.
Қалалық хакатон – бұл нақты мәселелердің нақты шешімдерін дамытуға бағытталған  жаңа  талқылау форматтың платформасы. Бұл іс-шара Стэнфорд университетінің «Дизайн ойлау» әдістемесі арқылы өткізіледі. Бұл жобада, қатысушылар командаға бөлініп, алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмыс істейді. Жұмыс нәтижесінде, командалар өз идеялары  немесе прототиптерімен таныстырады.

City Solutions – Алматы қаласының  өзгеріс жүйесін қалыптастыруға  бағытталған инициативтік жобасы.  Қалалық хакатон туралы толығырақ www.citysolutions.kz онлайн сайты арқылы біле аласыз.

 Ұйымдастырушылар:
• Алматы қаласының ауыл шаруашылығы мен ветеринария басқару бөлімі
• Алматы хауанаттар саябағы
• City Solutions жобасы

 Серіктестер:
• Сорос Қазақстан-Қоры
• Global Shapers Almaty
• Бизнес-инкубатор MOST
• TӨBE – Әлеуметтік және мәдени даму қоры

• Ақпараттық портал The Steppe
• Almaty Urban Forum

 Байланыс телефоны:

Жоба үйлестірушісі:  +7 (702) 906 16 52, gaukhar.zhumagulova@gmail.com

Гаухар Жумагулова

Жоба Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.