14/06/2019
Цифрлық Қазақстан: бұғаттау
07/06/2019
Білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бойынша жазғы мектеп өз жұмысын бастады
14/06/2019

Сорос-Қазақстан қорының 2019 жылғы 9, 10 және 12 маусымда Қазақстан қалаларында орын алған жаппай ұстаулар бойынша мәлімдемесі

Сорос-Қазақстан қоры Қазақстанда болған азаматтарды азаматтық ұстанымы мен өз ойын еркін білдіргені үшін қудалау әрекеттеріне қатты алаңдаушылық білдіреді. Бейбіт шеруге қатысушыларды ұстау және жеткізу кезінде көп жағдайда адам құқықтарының стандарттары ғана емес, Қазақстан Республикасының заңнамасы да бұзылып жатты.

Құқық қорғау ұйымдары адвокаттарды ұсталған азаматтарға өткізбеу, заңда нақты қарастырылмаған «көшпелі сот» ұйымдастыру, сонымен қатар, жасалған іс-әрекетке сәйкес келмейтін ауыр сот шешімдерін шығару фактілерін тіркеді. Бұл Қазақстанда әділ соттың тәуелсіздігі және бейтараптығы қағидаларына қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасы өзін заң үстемдігі орнаған, заң мен тәуелсіз сот алдында барлық азаматтары тең, әрі адам құқықтары мен еркіндігі мойындалатын демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде сипаттайды.

Сорос-Қазақстан қоры Қазақстан билігін бейбіт азаматтарды өз ойын еркін білдіргені үшін қудалауды тоқтатуға, соттың барлық қағидаларын ескере отырып, ұстанымы мен саяси көзқарасына қарамастан, барлық ұсталған азаматтардың білікті заң көмегіне қол жеткізіп, істерінің әділ қаралуын қамтамасыз етуге шақырады.

Өз кезегінде Сорос-Қазақстан қоры құқық қорғау ұйымдарын қолдау арқылы әрі қарай да Қазақстанда адамдардың негізгі құқықтарын қорғап, оны дамытуға үлес қоса беруге ниетті.

Анықтамалық ақпарат: Бірнеше күннен бері Қазақстанның түрлі қалаларында елде орын алып жатқан жағдайларға қатысты көшеге өз ойын білдіруге шыққан азаматтарды жаппай негізсіз ұстау жалғасып жатыр. Бас прокуратураның 2019 жылғы 13 маусымдағы мәліметіне сәйкес, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында рұқсат етілмеген наразылық шарасына қатысқаны үшін 957 адам жауапқа тартылған. Олардың ішінде 670 адам әкімшілік қамауға алынса, 115 кісіге айыппұл салынып, 172 адамға ескерту жасалған.

СоросҚазақстан қоры туралы

Сорос-Қазақстан қоры – үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы. Оның негізгі мақсаты – Қазақстанда ашық қоғам құндылықтарын алға жылжыту. Толық ақпаратты қор сайтынан табуға болады: www.soros.kz