01/11/2019
Тұрақты даму мақсаттарына қалай жетуге болады?
01/11/2019
Адам құқықтарын қорғаушыларға ерекше ескерту
04/11/2019

Қытайға бет бұру

ЖАҢА АСПАН (NEW HAVEN) – Мен Йельде «Болашақтағы Қытай» атты курсты оқытып жүргеніме оныншы жыл болады. Бұл курс қазіргі Қытайдың таңқаларлық экономикалық ауысуларына арналған. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі нені уысынан шығарып алғандығы, оның орнына Ескі Қытайға бағытталған соқыр мақсатты жайлы баяндайды (Ескі Американы қайта тірілткісі келетін көшбасшы үшін қолайлы нысан). Трамптың сауда-экономикалық саясатының кереғарлығы және оның әлемдік экономика үшін барлық ықтимал ауыр зардаптары осы тұрақсыздықтың нәтижесі болып табылады.

Менің курсым Дэн Сяопиннің 70-жылдардың аяғында көтерген мәселелерінен басталады. Бірақ оның басты бағыты Қытайдың экономикалық кереметіне себепкер болған Төраға Си Цзиньпиннің төрт өтпелі бағыты туралы: экспорт пен инвестициялардың есебінен өсетін экономикадан ішкі жеке тұтыну есебінен өсетін экономикаға көшу; өндірістен қызмет көрсету саласына ауысу; Қытайдың тез қартаюға бейім орта таптары артық жинақтан өте қажет әлеуметтік қамсыздандыру желісін қаржыландыру үшін тиімді жұмсауға көшу; импорттан түбегейлі инновацияға көшу. Бұл Қытайдың осы ғасырдың ортасына қарай «әл-ауқаты жақсы қоғам» болудағы шешуші мақсаты болады.

Осы төрт өтпелі қиындықтың бірігуі кез-келген ел үшін күрделі мәселе болар еді. Бұл әсіресе араласқан саяси экономикасы бар социалистік нарық жүйесі деп аталатын және Коммунистік партия мен жеке сектор арасындағы үнемі өзгеріп отыратын күш тепе-теңдігі бар Қытайға қатысты айқын шындық. Расында, бұл өте кұрделі де қиын қадам болғаны анық.

Мен Ескі Қытайдан келесі Қытайға апаратын негізгі жолды 2007 жылдың басына дейін белгілеймін, сол кездегі премьер-министр Вэн Цзябао сол кездегі оқтай дамып келе жатқан қытай экономикасын  «тұрақсыз, теңгерімсіз, үйлестірілмеген және берік емес» деп дұрыс диагноз қойған болатын. Төрт Бас тарту әйгілі болғаннан кейін, Қытайдағы қызу ішкі пікірталас тудырды, және бұл Қытайдың экономикалық өсу моделін түбегейлі қайта қарастыруға және бірқатар жаңа стратегиялық жоспарлар мен реформалардың – 12 және 13-ші бесжылдықтың жоспарларын қайта қарастыруға  (сәйкесінше 2011-15жж және 2016-20жж) және Үшінші пленум реформаларына (2013 жылдың соңы) әкелді.

Батыстағы Қытайға қатысты барлық сын-пікірлеріне қарамастан (қазір Вашингтонда екіжақты саяси жағдай туралы тіс қармасақ) Келесі Қытайға барар жолдағы прогрес соңғы онжылдықта өте ерекше орын алды. Орта таптық Қытайлық тұтынушы өмірге келді және қызмет көрсету секторы қуатты өсім қозғалтқышы ретінде дами бастады. Қытайдың ағымдағы шот бойынша профициті  өте жақсы, бірақ бұл оның ішкі экономикасы талап ететін жинақтарды сіңіру үдерісін баяулатуда. Түбегейлі инновация белгілері электрондық коммерция мен финтехтен бастап жасанды интеллект пен өмір туралы ғылымдағы жетістіктерге дейін барлық жерде кездеседі.

Рас, экономикалық дамудың барлық сәттері сияқты, Қытайдың 2007 жылдан бастап алға жылжуы кейде әркелкі болды, және жаңа қиындықтар пайда болды. Уэннің Төрт Бас тартуы әлі күнге дейін олқылықтарды жоюдың пайдалы әдісін ұсынады. Тұрақсыздық әрдайым қауіп-қатер болып отыр, Қытайдың қарызға деген құштарлығын атап өтіп қорқынышты Жапония синдромынан қашуға бағытталған агрессивті несие алу науқанына себеп болды.Жеке тұтынудың Қытай ЖІӨнің 40% қосалқы үлесін ескере отырып, теңгерімсіздік сақталады – бұл жетіспеушілік тек әлеуметтік қауіпсіздіктің (әсіресе зейнетақы мен денсаулық сақтаудың) көмегімен шешілуі мүмкін. Тұрақты аймақтық теңсіздіктер кірістер теңсіздігінің өсуімен бірге үйлестірудің жетіспейтін көрінісі болып табылады. Әрине, ауаның ластануымен байланысты соңғы жетістіктерге қарамастан, қоршаған ортаның деградациясы Қытайдың тұрақтылық мәселесінде шешуші мәселе болып қала береді.

Америка Құрама Штаттарымен сауда қақтығысы Қытай үшін тұрақтылықтың жаңа және маңызды мәселесі болып табылады.Көптеген жылдар бойғы менсінбеуіне қарамастан, АҚШ-тың Қытайға қарсы тұру стратегиясын жүргізіп жатқандығына күмәндануға болмайды.Үнемі ушығып келе жатқан тарифтік соғыс пен Қытайдың жетекші технологиялық компанияларын қара тізімге енгізу арқылы сауда саясатын қаруландырудан  бастап, Трамптың АҚШ компанияларына Қытаймен бизнесті тоқтату туралы «бұйрығына» және вице-президент  Майк Пенстің  АҚШ-тың жаңа саяси Қырғи қабақ соғыс туралы мәлімдемесіАҚШ саяси құрылыма Қытайды экзистенциалды қауіп ретінде қарастырғандықтан күрт өзгергенін байқатады.Және көпшілік осы үлгінің артынан ерді. Pew зерттеу орталығының жақында жүргізген сауалнамасы көрсеткендей, американдықтардың 60% -ы Қытайға жағымсыз көзқараспен қарадйы екен- 2018 жылғыдан 13 пайызға артқан және Pew сауалнамасы 2005 жылы басталғаннан бері Қытайға берілген ең жағымсыз баға болды.

Бұл беделдің ақталғандығы туралы ұмытыңыз. Мені Қытай деп аталатын қауіп көп алаңдатпайды, бірақ мен күмәнданушыларды жайлаған қорқыныш пен алаңдаушылықты түсінемін. Негізгі мәселе айыптаулардан гөрі Трамптың оларды шешуге қатысты саясатының терең сәйкессіздігіне болып отыр.

Ашуланған АҚШ президенті екі жақты сауданың бір жағы екінші тарапқа тарифтер енгізген кезде тез арада өз кері әсерін беретінін түсінбейтіндей көрінеді.Сондай-ақ оның әкімшілігі үнемі өсіп келе жатқан бюджет тапшылығы, ішкі үнемдеу және көпжақты сауда теңгерімсіздігі арасындағы байланысты түсінбейтіндей сыңай танытуда. Керісінше, бұл Қытайға байланған екіжақты шешуге болатын көпжақты проблемаға ұласты, өйткені Американың қаржылық тәртібінің жоқтығы іс жүзінде әлеммен сауда тапшылығының кеңеюіне жол ашты.

Huaweiді 5G телекоммуникацияларындағы заңды бәсекелес ретінде қарастырудың орнына, Трамп Қытайдың жетекші технологиялық компаниясына наразылық білдіргісі келеді. Пайда жасау тізбегінің бұзылуы салдарынан Америка Құрама Штаттарының сауда сеіктестеріне (жеткізушілеріне) үлкен зиян келетінін немесе Huawei-ді қаралау Американың 5G мүмкіндігінің жоқтығын шешуге еш әсер етпейтінін ескеріп жатқан ешкім жоқ.

Дон Кихотты еске түсіріп Трамп желге қарай еңкейіп бара жатыр. Оның әкімшілігі ежелгі Қытайдың ежелгі бейнесіне қадалып отыр, бұл өз кезегінде олар шешеміз деп жариялаған мәселелерді одан сайын ушықтыра түсуде.Қаржы нарықтары бір нәрсенің дұрыс еместігін аңғарта бастады. Федералды резерв те солай. Дәл осы уақытта жаһандық экономика құлдырау алдында тұр. АҚШ мұндай аумалы-төкпелі кезеңдерде ешқашан оазис болған емес. Бұл жолы басқаша болатынына күмәнім бар.

Stephen S. Roach

Stephen S. Roach, a faculty member at Yale University and former Chairman of Morgan Stanley Asia, is the author of Unbalanced: The Codependency of America and China.

Copyright Project Syndicate© Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған.