10/11/2016
Дана Мигалева: Ескі жүйені қаржыландыруды тоқтату керек
05/09/2016
Әрбір мұғалім инклюзивтік білім беруді және оның технологияларын меңгеруі тиіс
25/04/2017

Urban Talks – жаңа идеялар алаңы

Өткен жылы Сорос-Қазақстан Қорының Жастар бағдарламасы UrbanForumAlmatyаясында қаланы дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларға байқау жариялаған болатын. Байқаудың мақсаты қаланың маңызды мәселелерін шешуде қала қауымдастығын тарту және қалыптастыру; Алматы қаласының тұрақты дамуына, сондай-ақ бұл процестің ашық әрі есепті  болуына үлес қосу; қала тұрғындарының, әсіресе, жастар қауымының жауапкершілігі мен азаматтық белсенділіктерін арттыру болып табылатын. Барлығы байқауға 80 өтінім келіп түсіп, бағдарламаның Сарапшылар комитеті 8 жеңімпазды іріктеп алды. Міне, (15 қарашада өтетін Urban Forum Almaty) екінші форум барысында, біздер байқау жеңімпаздарын әңгімеге тартып, атқарылған жұмыстары туралы білуді жөн көрдік. Алғашқы қонақтарымыз – Катерина Новоселова және Анель Молдахметова Urban Talks жобасы туралы айтып берді.

Urban Talks –  бұл қала дамуының аса маңызды тақырыптарын талқылау мен жоспарлау үшін айналасына сарапшылар, белсенді қала тұрғындарын, бизнес өкілдерін және қала әкімшілігін біріктірген тәуелсіз алаң.

Кристина Новоселова (К.Н.): Urban Talks идеясы былтыр жазда Желтоқсан – Бөгенбай батыр қиылысында немесе әлеуметтік желіде қала тұрғындары «Мира-Кирова» деп атап кеткен Мемлекеттік жоспарлаудың бұрынғы ғимаратын қорғау бойынша қозғалыстан кейін пайда болды.  Мен архитектор ретінде бұл қозғалысқа өз үлесімді қосуға тырыстым. Бұл менің қала тарихы бойынша қандай да бір пікір білдіру бойынша ең бірінші тәжірибем еді және бірінші рет өзімді белсенді тұрғын ретінде сезіндім.  Сол кездері мені «Неге бәрі осылай болу керек?», «Қаламызды не күтіп тұр?», «Біз қала өміріне қалай әсер етіп, нені өзгерте аламыз?» деген сауалдар мазалай бастады. Көпшілігімізге білімнің, ауқымды көзқарастың, жан-жақты талдаудың, жағдайды толықтай түсіну қабілетінің жетіспейтінін түсіндім. Бізде нақты фактілер, қажетті аргументтер жоқ, келіссөз жүргізе алмаймыз, бір-бірімізді тыңдай алмаймыз. Осының бәрін зерделей келе, тақырыптық лекциялар және пікір-талас алаңын құру идеясы туындады.

Анель Молдахметова (А.М.): «Мира-Кирова» мысалы – халықтың девелоперлер мен қала әкімшілігіне тарихи құрылыс туралы өз ойын жеткізгісі келетінін көрсететін тамаша мысал. Алайда, бұл сонымен қатар, билікпен диалог құру үшін басқаша құралдар қажет екенін, мәселені шешуде конструктивті қадамдар жетіспейтінін, көпшілік арасында қаланың қоршаған ортасы туралы кәсіби білімнің жоқтығын көрсетті. Біз осы ағымды іліп алып, еркін пікірталас алаңын құруды жөн көрдік. Біз қалада не болып жатқандығына бей-жай қарай алмайтын белсенді тұрғындар, бизнесмендер, сарапшылардан тұратын білікті қауымдастықты құрудың мерзімі жетті деп шештік.

Одан бөлек, талқылаудың деңгейін көтеру үшін қалалық маңызды тақырыптары аясындағы қоғамның пікірімен жұмыс жасағымыз келді. Өз кезегінде бұл қала ортасын өзгерту процесін іске қосуға мүмкіндік берері сөзсіз.

К.Н: Urban Talks шеңберінде біз тоғыз кездесу өткіздік. Әрбір кездесуге 50-100 шақты адам жиналып жүрді.  Өткен жылдың желтоқсан айында өткен алғашқы кездесу қала ауасының сапасын талқылауға арналды.  Бұл тақырыптың өрбуіне ауаның ластануы деңгейін көрсетіп отыратын AUA қосымшасының пайда болуы себепкер болды. Біз осы тақырыпты әр тұсынан ашып, талқылай алатын құрылыс, көлік, көгалдандыру, ғылым, газдандыру, денсаулық сақтау сынды салалардағы мамандарды шақырдық. Бір қызығы кездесуімізге Әкімшілік және Көлік холдингінің өкілдері өздері келіп қосылды. Отырыс барысында қызу талқылау орын алып, қатысушылар көптеген қызықты мәліметтермен бөлісті, жаңа байланыс орнату мүмкіндіктері пайда болды. Кездесудің нәтижесінің бірі ретінде, Алматыдағы ауа сапасына қатысты барлық мәселелері бойынша тұрғындарды ақпараттандырып, талдау, мониторинг жасайтын  AUA жұмыстық тобы құрылды.

Дмитрий Абрамов, ол кезде «Вектор» қала кәсіпкерлерінің онлайн-мектебі жобасының жетекшісі, Мәскеудегі «Стрелка» атты медиа, архитектура және дизайн Институтының арнайы жобалар кураторы лекциясында біз ең алғаш рет қаланы зерттеу тақырыбын талқыға салған едік. Бұл біпнеше рет оралуды талап ететін тақырып. Өкінішке орай, кез келген жобаның басталуы тұсында және қандай да бір шешім қабылдар кезде сапалы талдау жүргізу – назардан тыс қалатын жайт. Айта кететін жәйт, City Solution жобасықазір Мост бизнес-инкубаторы базасында «Вектор» мектебімен серіктестікті жалғастыруда және жуырда олар «Қала шешімдері мектебінің курсын» бастады.

Қала бренбугы бойынша байқау жарияланғанда біз Мәскеуден Константин Гаранинді(қоршаған орта маркетингі жөніндегі маман) шақырған болатынбыз. Біз бұл тақырыпты тереңірек зерттеп, біздегі әкімшілік шеңберіндегі «бренд – бұл логотип» деген  шектеулер арнасынан тысқары шыққымыз келді және шын мәнісіндегі  қала бренді дегеніміз не, ол неден құрылады және, ең бастысы, ол не үшін қажет екенін түсінгіміз келді. Кезедсу барысында бұл сұрақтарға жауап таба білдік деп есептеймін.

Сондай-ақ архитекторлардың екі лекциясы болды. Лекциялардың бірін біздің бұрынғы жерлесіміз  – Тотан Күзембаев (қазіргі уақытта ол Мәскеу қаласында тұрады және жұмыс істейді) өткізді. Оның ағаштан жасалған архитектуралары және жобалаудағы өзіндік көзқарасы көптеген архитекторларға ерекше леп сыйлады.

Екінші лекциямыз «Кеңестік архитектура ұрпаққа сый» тақырыбында болды. Жан Луи Коэн– архитектуралық модернизм және постмодернизм  саласындағы халықаралық ірі маман және кеңестік авангард архитектурасы бойынша сарапшы – әлем бойынша және кеңес үкіметінен кейінгі территорияда тарихи құрылыстарды сақтап қалу тақырыбына жалпы шолу жасап, бұл процесте белсенді қала тұрғындарының маңызды ролін атап өтті.

Сонымен қатар, бізде эксперименталды жобалар да болды. Осылайша біз Urban Forum Almaty бірлестікте Орбита мөлтекауданы мысалында жатын аудандарын картаға түсіру бойынша мастер-класс өткіздік. Зерттеу жұмысына белсенділікпен кіріскен қатысушыларымыз бізді қатты қуантты. Қыркүйек айында біз Art Energy Almaty фестивалі аясында ашық алаңда кездесу өткіздік. Біз түрлі қалалық жобаларөкілдерін өз белсенділіктері жайында айтып беруді ұсындық. Бұл тұста біз күтпеген біршама жайттар орын алды. Жиналған қауым өзара сезімдерімен бөлісіп, байланыстарымен алмасып, ортақ пікірлестерін тауып, қолдау алып жатты.

А.М: Біздің осы форматта жұмыс істеп жатқанымызға бір жыл болды. Осы ретте біз тек лекциялар мен талқылаумен шектеліп қалғымыз келмейтінін түсіндік. Көптеген пікір алмасу кездесулерінен кейін біз өзімізге «ары қарай бұл талқылаулармен не істемекпіз?» деген орынды сауал қоя бастадық. Бүгінде Urban Talks қалаға қатысты мәселелер бойынша қоғамдық пікірді қалыптастырып, қала тұрғындары арасында ақпараттану деңгейін арттыру бойынша рөлін атқарып жатыр, бірақ бұл аз. Сондықтан біз шынайы кейстер негізінде құрылған білім нысаны – мастер-класстармен  эксперимент жасауды бастадық. Осылайша, ең тиімді тұжырым ашық байқауын жариялаған (шамамен 2016 жылдың 2 тамызынан 2 қазанға дейін трамвайлық депо территориясында ең тиімді қоғамдық жоба тұжырымдамасын құруға байқау өткізілген) Алматы Даму Орталығымен бірлестікте трамвайлық депо мысалында қоғамдық кеңістік үшін тұжырымдама құру бойынша мастер-класс өту идеясы туды. Бұл бағытта тек білім процесіне белсенді қала тұрғындарын тартып қоймай, оларға қоғамдық кеңістікте идеялар мен көптеген балама нұсқалардың барына көз жеткіздіргіміз келді. Көбінесе айналамызда сауда орындары мен бизнес орталықтар, кәуап пісіретін орындар, мәнсіз люкс деңгейіндегі қонақүйлер қиялдың жоқтығынан және ыңғайлы қоршаған орта, демократиялық нысандағы, жаңа мүмкіндіктердің барын түсінбеуден орын алып жатады.

К.Н.: Мұндай кездесулер кейбір мәселелерге, тақырыптарға немесе қиындықтарға басқаша қарауға мүмкіндік береді, ойландырып, серпілтеді, адамдар мен бастамаларды біріктіреді. Соңғы жарты жылдың ішінде қалада түрлі тақырыптарды талқылау үшін ұқсас нысандағы ашық алаңдар ашылғанын айта кету керек. Біздің алаңның осы әрекеттерге ұйытқы, негіз болғанына сенгіміз келеді.