Алматыда әйел құқықтары, сөз бостандығы және пацифизм туралы қойылымдар өтеді
January 31, 2018
Adamdar/CA – Орталық Азия өмірі туралы сайт
April 18, 2018

Астанада әйел құқықтарын қорғау және гендерлік теңдік мәселесі талқыланды

Шығармашылық әйелдер бастамасы лигасы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы әйел істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қатысуымен «Қазақстандағы әйелдер құқығы: мүмкіндіктер мен кедергілер» атты конференциясын өткізді.

Іс-шара Қазақстандағы әйелдердің құқықтары, гендерлік саясат, тұрмыстық зорлық-зомбылық, әйелдердің қоғамдағы, саясаттағы және шешімдер қабылдау деңгейіндегі  рөлі сынды маңызды мәселелерге арналды.

 «Аталмыш конференция «Әйелді аяла» атты әйелдер құқығын қорғау және гендерлік теңдікті насихаттау жөніндегі ірі ақпараттық науқанның бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттік тілде алғаш өтіп жатқан ауқымды шараға еліміздің белді қоғам және мәдениет қайраткерлері, құқық қорғаушылар, журналистер белсене атсалысты. Шараның ерекшелігі де осында»,дейді Антон Артемьев, Сорос Қазақстан қорының басқарма төрағасы.

«Елімізде әйелдердің құқықтарын жүзеге асыруға кедергі болатын қауіп-қатерлер туралы қоғамның басым  бөлігін тарта отырып, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бейресми, ашық пікірталас алаңдарында, форумдарда барынша кең талқылау керек», – дейді Шығармашылық әйелдер бастамасы лигасының президенті Асия Хайрулина

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сулеймен, Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Эльвира Әзімова, үкіметтік емес ұйым өкілдері, құқық қорғаушылар, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференция аясында «Киімді кінәләма» және «Ұят» атты көрмелер өткізілді. Әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі ақпараттық науқан жылдың аяғына дейін жүреді. Науқан  барысында аясында әртүрлі кездесулер, талқылаулар және мәдени шаралар өткізіледі және 10 желтоқсанда Халықаралық адам құқықтары күнімен тәмамдалады.