18/04/2018
Астанада әйел құқықтарын қорғау және гендерлік теңдік мәселесі талқыланды
13/04/2018
Алматыда Орталық Азияда гендерлік экономика мәселесі бойынша тұңғыш зерттеу орталығы ашылды
05/05/2018

Adamdar/CA – Орталық Азия өмірі туралы сайт

Сорос-Қазақстан қорының «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының қолдауымен Орталық Азия адамдары, жобалары мен аймақ идеялары туралы Adamdar.CA (Cental Asia and Caucasus) деп аталатын мультимедиялық платформа іске қосылды.

Жоба мақсаты – Орталық Азия аймағы тұрғындарының өмірімен, келелі мәселелер мен табиғатының көріністерімен бөлісіп, осы ел өкілдерімен бірлестікте мәдениет, өнер және әлеуметтік қызмет саласындағы жобаларды дамыту.

«Орталық Азия және Кавказ елдерінің мәдениет және медиа саласында қоғамдағы заманауи процестерге, маңызды мәдениет және заманауи өнерге  арналған бірде бір басылым жоқ. Сонымен қатар, дәрігерлерге, мұғалімдерге, құтқарушыларға, белсенділер және т.б. қарапайым мамандықтарға арналған жобалар болған емес. Бұл негізінен басым бөлігінен танымал емес адамдар. Бірақ бұл адамдар түрлі деңгейде қоршаған ортаны жақсы жаққа өзгертуге өз үлесін қосып жатыр», – дейді Тимур Нусимбеков, жоба авторларының бірі.

«Сорос-Қазақстан қорының «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының бірден бір міндеттерінің бірі – шығармашылық интеллигенция, әлеуметтік бизнесмендер, ҮЕҰ, құқық қорғаушылар мен белсенділердің әрекеттесуіне бағытталған жаңашыл жобаларды қолдау. Осы орайда, біз былтырдан бері Алматыда SIGS space кеңістігінің жұмысын қолдап келеміз. Өз кезегінде аталмыш кеңістік Adamdar мультимедиялық жобасының пайда болуына негіз болды», – дейді Сауле Мамаева, қордың «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының үйлестірушісі.

Платформадағы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын және аймақтағы елдердің өзге тілдерінде жарияланады. Жоба авторлары – Малика Ауталипова және Тимур Нусимбеков

Сайт іске қосылған екі апта ішінде оны жақын және шалғай шет елдерден 1000-нан астам бірегей қолданушылар қараған. Жақын маңда SIGS Space кеңістігінде Adamdar Talks жобасы іске қосылады. Adamdar Talks – қызықты спикерлер кездесулер, воркшоптар, дәрістер мен шығармашылық кездесулер өткізетін және қазақстандық аудиториямен білімі мен тәжірибесімен бөлісетін алаң болмақ.