Жыл сайын жарық көріп тұратын Project Syndicate журналы Қазақстанда екінші рет шықты
Наурыз 18, 2019
«Денсаулығында менталды бұзылыстары бар балалар азаматтық сектордың дамуына айтарлықтай үлес қосуда»
April 5, 2019

Алматыда «Гендерлік экономика саласындағы бүгінгі зерттеулер» атты дөңгелек үстел өтті

Сорос-Қазақстан қорының «Ашық экономика» бастамасының қолдауымен Нархоз университетінің Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы «Гендерлік экономика саласындағы бүгінгі зерттеулер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел шеңберінде Сорос-Қазақстан қорының Open Economy Fellowship бағдарламасын тәмамдаған түлектер Зайра Сатпаева, Анель Киреева және Гаухар Кенжеғұлова белді сарапшылар алдында өздерінің әйелдердің экономикалық мүмкіндігін кеңейту, еңбек бөлінісі, жалақы төлеудегі, гендерлік статистика мен бюджеттегі бөлініс тақырыптарындағы ғылыми жұмыстарын қорғады. Бағдарлама түлектері 2018-2019 жж. Нархоз университетінің Гендерлік экономиканы зерттеу орталығында білім алды.

«Гендерлік экономиканы зерттеу орталығының жұмысы, жас ғалымдардың зерттеуі және «Гендерлік экономика» оқу курсының жүзеге асуы ғылыми зерттеулердің негізін салуға, Қазақстан экономикасына әйелдердің қатысуындағы гендерлік ерекшеліктерді зерттеуге, олардың экономикаға деген қызығушылығын жік-жікке бөлетін факторларды анықтауға, әрі анықталған кедергілерді жою мақсатында заңнамаға өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныстар даярлауға зор мүмкіндік бермек», – дейді Нархоз университетінің ректоры Эндрю Вахтель.

Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы Антон Артемьев: «Халықтың әл-ауқатын жақсартуда, сондай-ақ, Қазақстан мен Орта Азия елдерінің инклюзивті экономикалық дамуын қамтамасыз етуде әйелдердің әлеуеті жоғары. Гендерлік экономика саласындағы зерттеулер Орта Азия аймағындағы экономикалық тұрғыда тұрақты дамушы қоғамдағы әйелдің рөлі мен олардың мәселелерін анықтауға, айқындауға әрі шешімін табуға айтарлықтай себепкер болмақ. Осы мақсатта Нархоз университетінің базасында Гендерлік экономиканы зерттеу орталығын құруға қолдау көрсеттік», – деп атап өтті.

Қазіргі уақытта Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы 2019 жылға арналған байқауын жариялады. Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы алуға болады.