Жаңалықтар

21/04/2017

Алматыда “Training Кафе – Болашақ” ашылды

Алматыдағы «Болашақ» базарында Тренинг-кафенің ресми ашылу салтанаты өтті. “Training Кафе – Болашақ” әлеуметтік кәсіпорнының мақсаты – қойылған диагнозға қарамастан менталдық денсаулығында бұзушылықтары бар адамдарды ашық еңбек нарығына қайта оралту.
05/04/2017

«iMedia Project – 2017» байқауының нәтижесі белгілі болды

«iMedia Project – 2017» жобасы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Медиа саласындағы кәсіби мамандардан құрылған әділқазылар алқасы байқауға келіп түскен 61 сұранымнан тегін оқыту курсынан өтетін 17 журналистті анықтауға көмектесті. Жоба Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Қазақстан баспасөз клубы жүзеге асырады.
02/03/2017

Алматы қаласының шеткі аудандарын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы аясында URBAN FORUM ALMATY жобасы серіктестері мен қатысушыларымен бірлестікте былтыр Алматы қаласының шеткі аудандарын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларға байқау жариялаған болатын.
01/03/2017

Қоғамдық саясат саласындағы жас зерттеушілерге арналған байқаудың нәтижелері

Сорос-Қазақстан қорының Қамқоршылар кеңесі «Қоғамдық саясат» бастамасы аясында  қазақстандық жас зерттеушілерге арналған байқаудың нәтижелерін шығарды.Жоба аясында қатысушалар семинарларға қатысып, Қазақстан үшін өзекті болып табылатын қоғамдық саясат мәселелері бойынша аналитикалық құжаттарды әзірлейді.
27/02/2017

«Баршаға ашық қоғам» бастамасы байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан Қоры «Баршаға ашық қоғам» бастамасы аясында ағымдағы жылдың қаңтарында менталдық ауытқулары бар ересек адамдарды қоғамға бейімдеу және оларға баламалы қызметтерді ұйымдастыру, деинституализациялау бойынша жобаларды іске асыруға  байқау жариялаған болатын.