Жаңалықтар

05/05/2017

Анна Александрова атындағы байқаудың қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында Сорос-Қазақстан қорының бұрынғы басқарма төрайымы Анна Александрова атындағы байқаудың қорытындысын шығарды. Анна Александрова (1976-2011) өз өмірін адам құқықтарын қорғау мен әлеуметтік әділеттік қағидаларын алға жылжытуға арнады.
25/04/2017

«Құқық қорғаушылардың жаңа буыны. 2017 оқу жылы» байқауының қорытындысы

«Адам құқықтары» бағдарламасының сарапшылар комитеті «Құқық қорғаушылардың жаңа буыны. 2017 оқу жылы» жобасының үш іріктеу кезеңінен кейін адам құқықтарын қорғау негіздері бойынша тренингтер шоғырына қатысатын жеңімпаздардың тізімін бекітті.
21/04/2017

Алматыда “Training Кафе – Болашақ” ашылды

Алматыдағы «Болашақ» базарында Тренинг-кафенің ресми ашылу салтанаты өтті. “Training Кафе – Болашақ” әлеуметтік кәсіпорнының мақсаты – қойылған диагнозға қарамастан менталдық денсаулығында бұзушылықтары бар адамдарды ашық еңбек нарығына қайта оралту.
05/04/2017

«iMedia Project – 2017» байқауының нәтижесі белгілі болды

«iMedia Project – 2017» жобасы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Медиа саласындағы кәсіби мамандардан құрылған әділқазылар алқасы байқауға келіп түскен 61 сұранымнан тегін оқыту курсынан өтетін 17 журналистті анықтауға көмектесті. Жоба Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Қазақстан баспасөз клубы жүзеге асырады.
02/03/2017

Алматы қаласының шеткі аудандарын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы аясында URBAN FORUM ALMATY жобасы серіктестері мен қатысушыларымен бірлестікте былтыр Алматы қаласының шеткі аудандарын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларға байқау жариялаған болатын.