Жаңалықтар

18/05/2015

Астанада сарапшылар ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мәселесін талқылады

Астанада ҚР мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын ратификациялауға арналған халықаралық конференция өтті. Шараға ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, БҰҰ-ның мүгедектердің құқы жөніндегі комитетінің басшысы Хорхе Арайя, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.
06/05/2015

Балалар нені қалайды?

Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Солнечный круг» ұйымы дайындаған «Балалар нені қалайды?» әлеуметтік ролигі “Lime” Халықаралық әлеуметтік жарнама фестивалінде (Мәскеу) екінші орынды қанжығасына байлады.
03/04/2015

Жапониядағы арнайы және инклюзивтік білім беру жүйесі

«Школа для всех» Қоғамдық қорының қызметкерлері Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен серіктестікте жүзеге асып жатқан инклюзивтік білім беру бойынша жоба аясында Жапонияға іссапармен барып келді.
23/02/2015

Қазақстанның жас зерттеушілеріне арналған «Қоғамдық саясат» бастамасының жылдық жобасы өз мәресіне жетті. Жыл бойы жобаның 9 қатысушысы түрлі оқыту семинарларына қатысып, жыл соңында Қазақстанның көкейкесті мәселелеріне талдау құжаттарын даярлады.

Қазақстанның жас зерттеушілеріне арналған «Қоғамдық саясат» бастамасының жылдық жобасы өз мәресіне жетті. Жыл бойы жобаның 9 қатысушысы түрлі оқыту семинарларына қатысып, жыл соңында Қазақстанның көкейкесті мәселелеріне талдау құжаттарын даярлады. 
11/02/2015

«Құқыққорғаушылардың жаңа толқыны. 2015 оқу жылы» байқауының қорытындысы

Сорос-Қазақстан қоры «Адам құқықтары» бағдарламасының қызметі аясында Ф.Эберт қорымен бірлестікте 2014 жылдың қыркүйегінде «Құқыққорғаушылардың жаңа толқыны. 2015 оқу жылы» байқауын жариялаған болатын.