Project Syndicate"

27/01/2020

Қауіпсіздік құралы жоқ әлем экономикасы

НЬЮ-ХЕЙВЕН – 2019 жылдың толық статистикасы белгілі болғаннан соң әлем экономикасы осы жылы қандай қауіптен құтылғанын түсіне бастадық. Халықаралық валюта қорының соңғы деректеріне сәйкес өткен жылы әлемдік ЖІӨ тек 2,9%-ға жоғарылаған. Бұл әлем экономикасы қаржы дағдарысына ұшыраған 2009 жылдан бері ең төмен көрсеткіш саналады және 2010-2018 жылдардағы дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі 3,8%-дық көрсеткіштен әлдеқайда төмен.
09/01/2020

Журналистерді қорлау аяқталуы тиіс

АМСТЕРДАМ – Бес жыл бұрын осы айда Саид пен Шериф Коуачи Charlie Hebdo француз сатиралық журналының Париждік кеңселерін шабуылдап, бірнеше минутқа созылған қастандық әрекет нәтижесінде 12 адамды өлтірді. Келесі күндері миллиондаған адамдар қаза тапқан журналистермен ынтымақтастық білдіру үшін Францияда және басқа елдерде маршпен өтті.
06/01/2020

Касем Сүлеймени өлімі ақталды ма?

МЕЛЬБУРН – Қаңтардың 3-і АҚШ ирандық генерал Касем Сүлейманидің көзін жойды.  Бағдат халықаралық әуежажайынан шыққан көлікте Сүлейманимен бірге “Катаиб Хезболла”-ның ирактық көшбасшысы, Иран қолдайтын қарулы топ жетекшілерінің бірі Әбу Махди әл-Мухандис болды. Көліктегі жолаушылардың барлығы қаза тапқан. Келесі күні өткен арнайы баспасөз брифингінде АҚШ  мемлекеттік департаментінің аты аталмаған өкілі “Сүлеймани 20 жыл бойы Иран террористік шабуылының негізгі ұйымдастырушысы болғанын” әрі “бір өзі Ирактағы 608 американдықты өлтіргенін” мәлімдеді. Сондай-ақ, АҚШ Сүлеймани мен Мухандисті террорист деп танитынын, «бұл екі азаматтың шыныменде қауіпті адамдар қатарынан» екенін айтты. 2003 жылғы АҚШ барлау қызметінің Иракта жаппай қырып-жою […]
31/12/2019

Қатерге толы тағы бір жыл

НЬЮ-ЙОРК – 2019 жыл демонстрация көбейіп, теңсіздік артқан, әлемнің көп елінде өкілдік дағдырысы орнаған жыл болды. Әлем табиғаттың байлығын сарқып, рецессия мен жаңа дағдарысқа қарай кетіп барады. Үкіметтер мен жеке адамдар 2020 жылы бұл қауіпті тенденцияның бетін қайтара алады. 2020 жылы әлемнің 61 елінде президент немесе парламент сайлаулары өтеді. Азаматтардың көбі дәстүрлі, қарасүрлеу саясаттан жалыққан, олар өзгерісті қалайды, сол өзгеріске жету үшін олар жаңа партияларды таңдайды. Қазіргі жағдайды өзгерту үшін бұл – үлкен мүмкіндік, дегенмен жаңа шығып жатқан көшбасшылардың көбі – билікке жетер жолында тұрған барлық кедергілерді жою үшін қазіргі […]
23/12/2019

2020 жыл дағдарысы

Дағдарыстың қай түрі – мейлі қаржы немесе экономикалық болмасын, оны алдын-ала болжау – ақымақтың ісі. Әр дағдарыстың өз қаһарманы болады. Ол қандай уақытта дағдарыс туатынын ескертсе де, әдетте ешкім назар сала бермейді (осыдан дағдарыс басталады). Бірақ заманауи болжау тарихында сақтанудың өзге де түрі бар: дағдарыстың келерін анықтай алғандар қайта айналып оған ұрынбайды екен. Экономистерге ең дұрысы экономика әлсіздігін дұрыс бағалай білу. Нақты экономика мен қаржы нарығындағы дисбалансты бағамдау арқылы ауқымды келеңсіздіктердің алдын алуға болады. Нарық немесе экономиканың әлсіз тұсын қалпына келтіру үшін көп нәрсе қажет емес. Алайда кәдімгі түзету жұмыстары […]