Project Syndicate"

20/12/2019

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы неге ушығуы мүмкін?

Вашингтон, Колумбия округі – 18 айға жуық “қанға-қан” принципіне сай тарифтерді көтергеннен кейін Құрама Штаттар мен Қытай арадағы сауда соғысын бәсеңдету шараларын бастау үшін “бірінші фаза” келісіміне қол жеткізді. Келісім аясында АҚШ президенті Дональд Трамп 15 желтоқсанда күшіне енуі тиіс қытай тауарларының тарифтерін одан әрі арттыруды тоқтатты және Қытайдан келетін жалпы соммасы $ 120 млрд. құрайтын импортқа 15% – дық тарифті екі есе төмендетті. Қытайға келер болсақ, ол өзінің жоспарланған жауапты шараларын кейінге қалдырды және келесі екі жылдың әрқайсысында 50 миллиард долларға жуық сомаға АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы өнімін импорттау міндетін […]
16/12/2019

Си Цзиньпиннің сәтсіз жылы

КЛЕРМОНТ, КАЛИФОРНИЯ – Қытай көшбасшысы жолы болғыштық қасиетінен мүлдем айырылып қалған сыңайлы. АҚШ-пен арадағы сауда соғысынан бастап, Гонкогтағы дағдарыс және ондағы адам құқығы мәселесінің халықаралық сынға ұшырауы президент Си Цзиньпин үшін 2019 жылды сәтсіз етті. Келер жыл да бұдан өткен жайтқа толы болуы әбден мүмкін. Қытай өткен мамырда АҚШ-пен сауда тартысына нүкте қойғанда, әлсіреп тұрған экономикасына айтарлықтай серпіліс жасайтын мүмкіндігі бар еді. Дегенмен америкалық келіссөз жүргізушілер шешілді деп таныған бірқатар мәселелерді Қытай билігі соңғы минутта жоққа шығарды. Арадағы сауда шиеленісінен үлкен шығын көрген  президент Дональд Трамп ашуға бой алдырып, есесін […]
05/12/2019

Президенттер баспасөзге қарсы

ҚАРАКАС – ҚШ президенті Дональд Трамп жаңалықтар арналарын “халық жауына” теңеді. Бразилия президенті Жаир Больсонаро болса журналистерді “шіріген” және “аморальді” деп атады және оларды өзіне қарсы “сенсациялық шабуылдарды” дайындады деп айыптады. Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор (АМЛО ретінде белгілі) оларды “ешкім еместер, консерваторлар, бәрін білгіштер, екіжүзділер”, сондай-ақ “fifí” (өркөкірек, алдамшы) және “chayoteros” (парақор дегенді білдіретін термин) деп атады. Популист көшбасшылары өз идеяларын таратуға мүмкіндік беретін бұқаралық ақпарат құралдарын жақсы көреді. Бірақ олар күрделі сұрақтар қойып, оларды жауапкершілікке тартуға ұмтылатын журналистиканы жек көреді. Сондықтан біз оны қорғауымыз керек. Трамп, Больсонаро және АМЛО сияқты –  өздерінің […]
04/12/2019

Демократия дағдарысынан соң не күтіп тұр?

ПРИНСТОН – Бүкіл әлемде демократияға қатер төніп тұрғанын қазір ешкім терістей алмайды. Көп жұрт демократияның өздері үшін жұмыс істеп жатқанына, оның тіпті дұрыс жұмыс істеп тұрғанына күмәнмен қарайды. Сайлау шынайы өмірдің нәтижесін бермейді, тек қазіргі әлеуметтік-саяси жарықшақтарды одан сайын тереңдете түседі. Демократия дағдарысы – негізінен өкілдік дағдарысы, нақты айтсақ, сол өкілдіктің мүлде болмауы деуге болады. Мәселен, Испания мен Израильдегі соңғы сайлаулар нәтижесіз әрі түңілдірерлік болды. Ал әлемдегі демократияның бұрыннан келе жатқан басты қорғаны – Америка Құрама Штаттары азшылықтың қолдауымен сайланып, демократия нормалары мен заң үстемдігін келемеж қылып жатқан президенттің кесірінен […]
21/11/2019

Ағылшын-американдық консерватизмнің аяқталуы

ПРИНСТОН – Өте ұқсас тәсілдермен және дәл бір уақытта АҚШ президенті Дональд Трамп пен Брексит (Brexit) трансатлантикалық консерватизмді жойды. Американдық консерватизмнің әрқашан тамыры таяз болғанмен, британдық консервативизм ұзақ және бай зияткерлік дәстүрдің жемісі болып табылады және оның жойылуы одан сайын ақылға сыйымсыз.