Project Syndicate"

01/11/2019

Тұрақты даму мақсаттарына қалай жетуге болады?

ПАРИЖ – 2015 жылдың қыркүйегінде Әлемдік көшбасшылар 2030 жылға қарайТұрақты дамусаласында 17 мақсатқа жетуге міндеттелді. Сол кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін тек дамушы елдердің өзіне жылына 2,5 трлн. АҚШ доллары көлемінде қосымша инвестициялар қажет деп бағалады. Таяудағы Халықаралық валюта қорыныңзерттеуі2030 жылға дейінгі кезеңде қажетті жыл сайынғы қосымша шығыстардың шамалас бағаны есептеп шығарды: табысы төмен елдерге шамамен 500 млрд.АҚШ долл. және дамушы елдерге 2,1 трлн. АҚШ долл.
29/10/2019

Трамптың жаңа әлемдік тәртібі

Тарихтың ақырын меңзейтін жайттар көбейді. Еуропадағы коммунизмнің келмеске кеткенін паш еткен Берлин қабырғасы қиратылғанына 27 жыл толғанда Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануы оның алдындағы көреген де ақылды басшылар құрып кеткен либералдық халықаралық тәртіпке қауіп төндірді.
29/10/2019

Трампты қолға үйрету

Қазіргі кезде Доналд Трамптың күтпеген жерден сайлауда жеңуімен қатар, оның мемлекетті басқаруына байланысты келесі сұрақ туындайды — ол өзінің сайлау науқанында жарияланған радикалдық популизмді ме әлде прагматикалық, орталықшыл бағытты таңдар ма екен?
29/10/2019

Ғаламдық капитализмді сақтап қалуға бола ма?

Экономикалық мазасыздану саясаты Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарының электоратын популистер жетегіне салды. Егер жиналған даналық басым болса, экономикалар неғұрлым «қалыпты» ЖІӨ-нің бағамына қайта оралып, өнімділік өсіміне жетуі мүмкін, және көптеген адамдардың өмір сүру жағдайы жақсарып, үкіметке қарсы көңіл-күй кетіп, саясат та «қалыпты» жағдайға оралар еді. Содан кейін, капитализм, жаһандану және демократия өз жолдарын алға жалғастыра алады.
29/10/2019

Жаһанды жайлаған популистік саясат

ПРИНСТОН – Экономикасы дамыған елдерде популизм кең тарап, саяси истеблишмент кері шегіне бастады. Жүйені шайқаймын, не тіпті құлатамын деп уәде берген сырттың адамдары саясатта ірі жеңіске жетіп жатыр. Популистердің жаулары – ұлттық құндылықтарды сатып кеткен «ғаламдық элитаның» мүшелері, және олардың АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп «глобализм» деп атаған бұл үдеріске қарсы күресі әлемдік құбылысқа айналатын тәрізді, әрі ол интернационализмнің өз брендіне тәуелді болмақ.