Басылымдар
23/06/2021
Зерттеу Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы аясында дайындалды. Зерттеудің мақсаты экономикалық ашықтықты, экономикалық басымдылық шарттарына сәйкестікті, халықтың дактилоскопиялық және геномдық тіркеуге дайындығын, сондай-ақ, ұлттық құқықтың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету деңгейін талдау арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңының ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарының болжамдарын анықтау болып табылады. Авторлар: Д.У. Мухамеджанова, Л.С. Асаинова, Д.Б. Бектурганов, Д.Б. Буралкиева, Р.Е. Реймер Зерттеуді мына сілтеме арқылы жүктей/оқи аласыздар.
Do you like it?0
06/04/2021
«Қазақстан: «Билік транзитінің» сынағы» жұмысының аудармасы Chatham House Корольдік халықаралық қатынастар институтының келісімімен басылып шықты. Бұл жұмыс қазақ тіліне Сорос-Қазақстан қорының жеке жауапкершілігімен аударылды, Chatham House ресми аудармасы емес.
Do you like it?0
05/04/2021
Біртіндеп төмендеп жатса да, мемлекеттік бюджет Қазақстанның денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың негізгі көзі болып қала береді (2010 жылы денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығындардың 68%-ы, 2018 жылы тиісінше 61%-ы). Сонымен қатар, 2005 жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесі бюджетті ұлттық деңгейде шоғырландыра отырып, оны кезең-кезеңімен орталықтандыру сатысынан өтіп келеді. Қаржылық трансформацияның мақсаты тұрғылықты жері мен табыс деңгейіне қарамастан, бүкіл халық үшін медициналық қызметтерге қолжетімділіктегі теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл реформалардың соңғы сатысы міндетті медициналық сақтандыруды енгізу және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұлғасында медициналық қызметтердің шоғырландырылған сатып алушысын құру болды. Бұл зерттеу… Продолжить Ашықтық. Мемлекеттік қолдау. Медицина қызметкерлері
Do you like it?0
01/03/2021
Қазақстандағы балалар мен қоршаған орта бойынша осы баяндаманы Сорос-Қазақстан Қоры қолдаған жоба шеңберінде «Әлеуметтік-Экологиялық Қор» ҚҚ дайындады. Оның мақсаты баланың салауатты қоршаған ортаға құқытарын қорғау саласындағы жағдайды жақсарту бойынша шараларды талқылау, әзірлеу және іске асыру үшін негізді анықтау мақсатында еліміздегі балалар мен қоршаған орта бойынша негізгі жағдайларын ұсыну болып табылады Зерттеуді мына сілтеме арқылы оқи аласыздар.
Do you like it?0
24/02/2021
Назарларыңызға PPI жобасының түлегі Жаслан Нұрбаевтың “Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік: ҚР шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы” зерттеуін ұсынамыз.
Do you like it?0